Оқу құралы педагогикалық университеттің бастауыш мектеп педагогикасы және әдістемесі факультетінің студенттері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған



Pdf көрінісі
бет26/68
Дата08.05.2023
өлшемі1,23 Mb.
#176235
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68
Байланысты:
Sauat ashu zhane zhazuga uyretudin teoriyasy men tehnologiyasy Karsybaeva

Түсіндірме сын жұмысы
бұрын оқытылып кеткен 
тақырыптарды қайталауға, жаңадан оқылған ережелерді бекітуге 
арналады. Тақырыпқа байланысты диктантты сабақтың кез-
келген кезеңінде орындатуға болады.
Алдымен мәтін толық оқытылады, сосын әр сөйлем жеке 
оқылады. Оқушылар оқылып отырған ережеге байланысты 
талдау, түсіндіруге қатысады.
Терме сын жұмысы
оқушылардың белгілі бір ережеге 
байланысты сөздерді немесе сөз тіркестерін есту арқылы ажырата 
білу дағдыларын жетілдіреді. Мұғалім мәтінді оқиды, ал балалар 


83
оқылып отырған ережеге сәйкес сөздерді ғана теріп жа-зады. 
Бұл диктант түрін тақырыпты оқу барысында алған оңтайлы. 
Уақыт үнемделеді, қажетті сөздер көбірек жазылады, ең бастысы 
оқушы зейін қоя тыңдауға машықтанады.
Көру сын жұмысы
оқушыларды есте сақтауға
орфографиялық сауаттылыққа жетелейді. Таныс емес не 
оқылмаған ережелерге байланысты сөздердің астын сызып 
қоюға не басқа түспен жазуға болады. Сынып оқушыларының 
дайындық деңгейіне қарай бұл сын жұмысының көлемі әртүрлі 
болады.
Сөздік сын жұмысы 
сабақ барысында немесе соңында 
алуға ыңғайлы. Айтылуы бойынша сөздер оқылады, оқушылар 
жазған сөздерін сөздіктен немесе берілген жаттығулардан қарап, 
өздері түзетсе тиімділігі артады.
Шығармашылық сын жұмысы 
оқушылардың тілін 
дамытуға, сөздік қорларын байытуға өте тиімді. Балалар сөйлем, 
мәтін құрауға өздері белсенді қатысады. Мұғалім суреттер 
арқылы, қажетті сөздерді тақтаға жазып қою арқылы орындатады. 
Қолданылатын ережелер еске түсіріледі, түсіндіріледі. Бұл – 
таза сын жұмысы емес, шығармаға дайындық деп қарауға да 
болатын жұмыс.
 
Тексеру үшін көшіріп жазу 
– бастауыш мектеп сатысындағы 
өте маңызды жұмыс түрлерінің бірі. Бұл орфографиялық 
сауаттылықты жетілдіреді, сөз бен сөз тіркестерін есте сақтауға 
және жазылуын көру арқылы меңгеруге көмектеседі. Мәтінді 
тақтаға жазған соң дауыстап оқиды. Сосын оқушылар өз 
бетімен оқып, көшіріп жазады, тапсырмаларды орындайды. 
Жұмыс соңында мәтінді, тапсырманы тексеруге уақыт беріледі. 
Бұл жұмысты жаңа тақырыптар оқылғанда үнемі пайдалану 
ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет