103
4. Оқушылар меңгерген заңдар, ережелер, түсініктердің
философиялық мәнін түсінуге әсер ету.
5. Оқушылардың оқу мәліметтерін өз әдістерімен өңдеудегі
түсініктілігін қамтамасыз ету.
Сабақ кезеңдерінің мазмұны:
1. Оқушының сабаққа назарын аударуды ұйымдастыру.
2. Оқу материалындағы негізгі ойды хабарлау (заң, қағида,
ереже және т.б.).
3. Оқу ісіндегі мазмұнды
нәтижелерге жеткізген әдіс-
тәсілдерді, құралдарды, зерттеу әдістерін, оқушылардың ойлауын
қамтамасыз ету.
4. Оқылатын материалды меңгертудің әдіс-тәсілдерімен
қамтамасыз ету (неден, қалай бастау керек, неден шықты, неге
ауысады және қорытындыны қалай дәлелдейді).
5.
Оқылатын
оқу
материалдарын
оқушылардың
философиялық ойлануы үшін мазмұнды және әдістемелік
жағдай туғызу.
Білімділік міндеттерін орындау көрсеткіштері:
1. Білім алуда және іс-әрекет тәсілдерін меңгеруде баланың
өз бетімен жұмыс істеу қабілетін мүмкіндігінше пайдалану.
2. Егер мұғалім тәсілдерді қолданса:
- дәріс, түсіндіру, әңгімелеу, оқулық және қосымша әдеби
кітаптарды өз бетімен қолданумен сабақ міндеттерінің орындалуы
(дұрыстығы, толықтығы, әсері, түсініктілігі, білімнің жүйелілігі),
келесі кезеңдегі
жауаптар сапалы болады;
- эвристикалық әңгіме, әдістемелік әңгімемен үйлескен
оқушының өз бетімен жұмыс істеуі, оқушының модульмен жұмыс
жасауы білімді меңгерудің тиімділігінің көрсеткіші, әдіс-тәсілді
дұрыс меңгеруде, әңгімелесуде жауаптарынан түсінгендігін
қорытындылауда тапсырманы
орындауда немесе өз бетінше
жұмыста тиімділігін көрсетеді.
3. Оқып-үйренетін оқу материалын философиялық ойлау,
әрекеттеу.
4. Мұғалім жаңа сабақты түсіндіргенде оқушының субъектілік
тәжірибесін пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: