Култанбаева нургул калдыгуловна



Pdf көрінісі
бет25/82
Дата09.05.2023
өлшемі2,3 Mb.
#176340
түріДиссертация
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82
Байланысты:
ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨЛШЕМДЕРІ

Хан, ханшайым, 
сандық
, т.б. концептілерден бөлек, араб ертегі дискурсында кездесетін 
«сиқыр», «сиқыршы» концептісі араб халқының оқу-жазуды ерте бастағанынан 
хабар береді. Мысалы, «Мың бір түн» ертегілерінде сиқырлау жолымен адамды 
хайуанға, сиқырлы шамның көмегімен қиын тапсырмаларды оңай орындауға, 
алып Жынды кішкене құмыраға салып қою сияқты ертегілік ғажайып оқиғалар 
көп кездеседі. Мысалы, «Аладдин» ертегісінде: 
ِْعَطَتْسا اَذِإ ، ِناَكَمْلا اَذَه نِم يِنَج ِرْخ ت ِْنَأ َِكْيَلِإ لَّس َوَتَأ ًِسِئاَي ِ هَل َِلاَق َو . َِعِمَس اَّمِم «ِِنيِ دلا ء َلاَع»َِب ِجَعَف » 
،ِت ْوَمْلاِ َنِم ِِهِتاَجَنِب «ِِنيِ دلا ء َلاَع»لاَح ِرَفَف
ِْرأ
؛ ِض ِِرْهَظ ىَلِإ ِ يِ ن ِجْلا ِ هَعَف َرَف . «ًِلايِبَس َِكِلَذ ىَلِإ 
[102] . «ِ
ِك َلاَهْلا نِم َِو ِ هَتَم َلاَس ،ِقي ِ ضلا َِنِم ِ هَص َلاَخ ِِ ِلِ ا ًرِكاَش ىَّلَص َو
(...таңқалған Аладдин сиқырлы шамнан өзін жер бетіне шығаруын өтінеді. Әп-
сәтте баланы жердің бетіне шығарады, қатты қуанған Аладдин Аллаға алғысын 
білдіреді).
Араб ертегілерінің дискурстық тәжірибесінде бас кейіпкердің ғажайып 
көмекшілері немесе қарсыластары болмайды, оқиға қарапайым адамдардың 
ақыл-айласы, сиқырлау жолымен шешіліп отырады. Ол үшін батырлықты емес, 
тапқырлықты көрсету, жауын ашық емес, айла-амалмен жеңу маңызды. 
Осындай кезде сиқыр немесе алдап-арбау арқылы жол тауып отырады. Араб 
ертегі дискурсындағы осы тәріздес ақпараттың күрделеніп берілуі араб 
халқының кәсібінен, ділінен, шексіз қиялынан хабар береді.
Ертегі дискурсындағы тағы бір тірек концепті «үй» болатын болса, ол 
қазақ ертегі дискурсында 
киіз үй
және оның 
ақ боз үй, отау, қараша үй, лашық


57 
сияқты бірнеше мағыналық түрлері кездеседі. Сол киіз үйдің түрлері оның 
иесінің әлеуметтік мәртебесінен де хабар береді. Ақ боз үй – байдың үйі, киізі 
жыртық қараша үй – кедейдің үйі, ал батырға көбінесе айдалада кездесетін 
лашық – 
мыстан кемпір, дәу, ұры, қарақшының
мекені. Мысалы, «Жылқыға 
келсе, жылқының ішінде тігулі қара қос тұр». «...Бір лашықтың 
жанында бір 
тал бар екен, талдың түбінде жарбиған бір жаман кемпір отыр» [91] («
Ер 
Төстік» ертегісі). Орыс ертегісінде бұл ұғым «избушка», «избушка на курьих 
ножках» тіркестері түрінде беріліп, ол қараңғы орман ішінде орналасады. Ол 
Баба-Яга тәрізді жамандық жасаушының іші лас, тар, сыртқы түрі тауықтың 
аяғына ұқсас аяқты үйшік. Мысалы, «...
Едет лесом — глядит: стоит избушка 
на курьих ножках. Вот и говорит мужик: - Избушка, избушка! Стань к лесу 
задом, а ко мне передом. Избушка и поворотилась. Идёт мужик в избушку, а в 
ней баба-яга: впереди голова, в одном углу нога, в другом – другая. Мужик 
кланяется: Баба-яга костяная нога! Я тебе дочку привёз в услуженье
» [103]
(«Баба-Яга» ертегісі). Ертегі дискурсындағы аталған мекеннің иесі басты 
кейіпкерге жамандық пен кедергі жасаушы. Сондықтан айдалада немесе ну 
орман ішінде жалғыз тұрған лашық/үйшік адам санасына белгісіз әрі 
қорқынышты кейіпкердің мекені, ол жерде тек жамандық қана орнайды деген 
ұғым қалыптастырады.
Ертегі дискурсындағы «үйлену» концептісі қазақ, орыс және араб ертегі 
дискурсында өзіндік орны бар, басты ұғымдардың бірі болып саналады. Себебі 
үш халықтың да ертегі оқиғасының бақытты болып аяқталуы батырдың сұлу, 
әрі қол жетпейтін қалыңдыққа үйленуімен байланысты. Мысалы, «
Сонымен 
күн астындағы Күнікей қызды бала алып, екеуі той жасап, қосылады. Ел-
жұрты баланың ерлігіне риза болып, оны хан сайлайды» [95] («
Күн астындағы 
Күнікей қыз» ертегісі), орыс ертегісіндегі батырдың Василиса ханшайымға 
үйленуі: «...
он женился на Василисе-царевне и жил с нею долгие лета в любви и 
согласии» [96] 
(«Жар-птица и Василиса- царевна» ертегісі), ал араб ертегісінде 
кедей баласы Аладдиннің патша қызы Будур ханшайымға қосылуымен және 
патша тағына отыруымен аяқталады. Мысалы:
ِ
َّبَتَتْسا َو ، ْتَقَت ْرا َو ِ د َلاِبْلا اَمِهِدْهَع يِف ِْتَمَّدَقَت َو ، ساَّنلا اَم هَّبَحَأ َو ،اَيْن دلا اَمِهْيَلَع ِْتَلَبْقَأ َو ، ظَحْلا اَم هَل َِمَسَتْبا ِِدَق َو
. ِ
ءاَخ َّرلا َِّمَع َو ، ن َْْم ْلأا اَهيِف 
немесе «Ертегі соңына да жетті. Денсаулықтарыңыз мықты және бақытты 
болыңыздар!» деген тілекпен аяқталады. !ديعسوِةديجِةحصبِنكِ.اهلكِةصقلاِيهِهذه[102] 
ертегі оқиғасы сұлу, ақылды қалыңдықты іздеуі, сол жолдағы кедергілер, 
оларды жеңу жолындағы алып күштер мен қиын сынақтардан өтуі тәрізді 
шытырман оқиғалардан тұрады. Ертегі дискурсы тыңдаушысын қызықтыра 
отырып, қандай да бір тәрбиелік, танымдық қызмет атқарады.
Ертегі халықтың арман-қиялынан туғаны мәлім, онда үнемі жауыздықты 
әділдік жеңеді деген сенім бар болғандықтан ертегі мәтінінде 
жақсылық
пен 
жамандық, махаббат
пен 
зұлымдық, жалқаулық
пен 
еңбекқорлық, адалдық
пен 
арамдық
т.б. концептілері ертегі дискурсы кейіпкерлері арқылы көрініс 
береді. Қазақ, орыс, араб ертегі дискурсындағы мысалдары төмендегі Кесте 4-
те беріледі:


58 
Кесте 4 – Ертегі дискурсындағы 
жақсылық/жамандық
концептілері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет