"назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы оқушылардың ОҚу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің Əдіснамасы


Білу  –  өтілген материалды дәйек, жағдай, негізгі тұжырымдамалар мен  жауаптарды көрсету арқылы есте сақтауды растау.  Түсіну



Pdf көрінісі
бет13/29
Дата11.05.2023
өлшемі0,81 Mb.
#176413
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29
Байланысты:
metodologiya-sko kaz

Білу 
– 
өтілген материалды дәйек, жағдай, негізгі тұжырымдамалар мен 
жауаптарды көрсету арқылы есте сақтауды растау. 
Түсіну 
– 
материалды бір формадан екінші формаға ауыстыру
материалды интерпретациялау, оқиғаның барысын болжау.
Қолдану 
– 
жаңа білімді, әдістерді және ережелерді басқа түрде 
(
нұсқада) қолдану. 
Талдау 
– 
біртұтас нысанды, оның болмысын жақсы түсіну және меңгеру 
18 


үшін ұсақ бөліктерге ажырату. 
Жинақтау (синтез) 
– 
жекеленген түсініктерді тұтас түсінік ретінде 
біріктіру үдерісі. Жаңа үлгіде элементтерді түрлі әдістермен қиыстыру 
немесе баламалы шешімдер ұсыну арқылы ақпаратты жүйелеу.
Бағалау 
– 
анықталған стандарттар мен критерийлердің негізінде 
нысанның жетістіктері, кемшіліктері, құндылықтары, маңыздылығы мен 
басқа да сипаттарын анықтайтын үдеріс.
Таксономиялық тәсіл бағалау критерийлерін оқу мақсаттары ойлау 
дағдыларының таксономиясы деңгейлеріне сәйкес құрастыруға мүмкіндік 
береді.
Критериалды бағалау жүйесінде бағалау критерийлері ойлау 
дағдыларының деңгейлері бойынша үш топқа бөлінген: білу және түсіну; 
қолдану; жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау және бағалау). 
Сөйлеу әрекетінің теориясы 
Тілдік пәндерді оқыту сөйлеу әрекеттерінің [Зимняя, 1973] толық 
сипаттарын меңгеріп, өз бетінше қалыптастыру тұрғысынан жүзеге 
асырылуы қажет. Сөйлеу әрекеттерінің түрлері келесі дағдыларды қамтиды: 
ақпаратты еске түсіру дағдысы ретінде – айтылым мен жазылым, сондай-ақ
ақпаратты қабылдау дағдысы ретінде – тыңдалым мен оқылым. 
Бағалау критерийлері аясында тілдік пәндер үшін ұсынылған МЖМББС-
нда сөйлеу әрекеттері дағдылары бойынша күтілетін нәтижелерге сәйкес 
оқушылардың не істей алатыны, коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері 
қандай мақсатта тексерілуі қажет екендігі анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет