"назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы оқушылардың ОҚу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің Əдіснамасы



Pdf көрінісі
бет11/29
Дата11.05.2023
өлшемі0,81 Mb.
#176413
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29
Байланысты:
metodologiya-sko kaz

Құзыреттіліктер сәулесі
Жасай алатынына сенімді
Жасау
ға қабілетті
 Келешекте жасайды
Жасай алады
Бір рет жасады 
Жасай алды
Сирек жасайды 
Кейде
 
жасайды 
Әдеттегідей жасайды
Жиі жасайды
Барлы
қ уақытта жасайды
Жасайды 
16 


бақылауға икемді бағалау критерийлеріне сәйкес оқу мақсаттарына жету 
айқындайды. 
Кері дизайн 
Мұғалімнің әрекетіндегі «оқу мақсаттары – сабақ – бағалау» реттілігі 
классикалық болып келеді. Алайда білім беру үдерісін жобалаудың заманауи 
моделі аталған позицияны білім, ептілік, дағдыларды меңгеру мен 
бағалаудың (нені үйретіп және нені бағалау арасындағы қарама-қайшылық) 
арасындағы сәйкессіздіктің жоғары қаупін ескере отырып қайта қарастыруды 
қажет етеді.
Кері дизайн – бұл негізгі критерийі мазмұн (контент) емес, 
жоспарланған оқу нәтижелері болатын [Велединская, Дорофеева, 2014] білім 
беру үдерісінің педагогикалық жобалаудың арнайы технологиясы. Тәжірибе 
көрсеткендей, мұғалім алдымен бағалау үдерісінің оқу мақсатарын анықтап, 
жобалап және қарастырғаннан кейін жоспарлау және оқушыларды оқыту 
әрекеті тиімді екенін көрсетті.
Кері дизайн технологиясы аясында білім беру үдерісін жобалаудың үш 
кезеңін жүзеге асыру көзделеді [Wiggins,
 
Tighe, 2008]: 
1-
кезең: мақсаттар мен қалаулы нәтижелерді анықтау, яғни, «Оқушы 
нені білуі, түсінуі және жасай алуы қажет?» деген сұраққа жауап беру; 
2-
кезең: лайықты дәлелдерді анықтау, яғни, «Оқушылардың қалаулы 
нәтижелерге жетуі мен оның стандартқа сәйкестігінің дәлелі не болып 
табылады?» деген сұраққа жауап беру; 
3-
кезең: оқу мен оқушылардың нәтижелерге жету үдерісін жоспарлау. 
Мұғалімге толық оқу-әдістемелік кешенді (оқу бағдарламалары, оқу 
жоспарлары, қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар үлгілерінің 
жинағы, мұғалімдер мен т.б. үшін жиынтық бағалауға арналған әдістемелік 
ұсыныстары) алдын ала ұсыну кері дизайнде «оқу бағдарламасы – бағалау 
үдерісі – оқу мен оқыту» білім беру үдерісін жобалауға мүмкіндік береді. Бұл 
оқу үдерісін оқу мақсаттарына жетуге бағдарлауға, ал бағалау оқу 
қорытындысы бойынша күтілетін нәтижеге сәйкестік дәрежесін орнатуға 
мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет