Сабақ жоспары № 9
Күні:
|
Тобы:
|
|
«Бекітемін»
Қармақшы аграрлы техникалық колледж
директорының оқу өндірістік жөніндегі
орынбасары:_________ Ж.Сейталиев
«____» ________ 2016ж
|
15.10.16ж
|
Э-16/11
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тақырыбы: Алгоритм типтері
Пәні. Бағдарламалау негізі Пән оқытушысы: С.Кобекова
Сабақ/ оқу мақсаттары:
Білімділігі: Студенттерге алгоритм типтері туралы жалпы түсінік беру. Оларды білімділікке, сауаттылыққа, логикалық ойлау қабілетінің ұшқыр болуына баулу.
Дамытушылық: Білім алушылардың шығармашылық қабілетін арттыру, компьютер кабинетінде техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, тыйым салынатын ережелерді біліп жүруге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Білім алушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, ізденіске, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, үнемшілдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап.
Сабаққа қажетті:
Оқулықтар/әдебиеттер: Информатика элементтері, информатика, интернет желісі
Құрал-жабдықтар: Интербелсенді тақта, компьютер.
Сабақ/оқу барысы
№ | Сабақ/оқу кезеңі | Мазмұны |
1
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Журналға белгі соғу. Назарларын сабаққа аудару.
|
2
|
Өткен сабақтар бойынша
білім деңгейлерін
тексеру
(үй тапсырмасын
сұрау)
|
Үй тапсырмасын қайталау сұрақтары:
Жай алгоритм дегеніміз не?
Олар қандай командалардан тұрады?
Құрама алгоритм дегеніміз не?
Айырмашылықтары қандай?
|
3
|
Жаңа сабақты (материалды) түсіндіру
| Жаңа сабақ тақырыбы: Алгоритм типтері Жоспары:
Сызықтық немесе тізбекті алгоритм
Тармақталу алгоритмдері
Күрделі тармақталу
Күрделі шарттарды пайдалану
Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок схемалары бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады. Әрекеттерің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм сызықтық алгоритм деп аталыды.
Тармақталу алгоритмдері күнделікті өмірде жиі кездесетін алгоритмдердің бұл түріне есептегі белгілі бір шарттың орындалуына не орындалмауына байланысты командалар тізбегінің бірнеше тармақтарға бөлінетін тобы жатады. Тармақталу алгоритмінде, көбінесе ариметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер ол орындалса, онда алгоритм бір тармақпен, ал орындалмаса екінші тармақпен жүзеге асырылады да, соңында екі тармақ қайта бірігеді. Мұндай алгоритмдерді шартты тексеру тармақталу командасы деп аталады.
Кейбір есепте үш және одан да көп тармақ, яғни шығу сызықтары бар шарттарды тексеруге тура келетін кездер кездеседі. Егер мүмкіндік саны үштен артық болса, онда көбіне «таңдау» немесе «таңдау әйтпесе» құрылымы қолданылады.
Қатынас таңбалары бар шарттар логикалық айнымалылар ретінде қарастырылады да, шарт орындалса, АҚИҚАТ мәніне ие болады, ал орындалмаса ЖАЛҒАН мәнін қабылдайды. Блок схемалар ромб түріндегі тексеру блогынан шарттың орындалуына сәйкес сызығы жоқ болып белгіленеді.
|
4
|
Өтілген сабақты
(материалды) бекіту
|
Қайталау және бекіту сұрақтары:
Алгоритм мен программаның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
Компьютерде орындалатын алгоритмдер қасиеттері қандай?
Алгоритмді сипаттау тәсілдерін атаңдар
|
5
| Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау | Оқушылардың сұрақтарына жауап беру Білімдеріне сай бағалау |
6
| | §1.8 - 28 бет |
Достарыңызбен бөлісу: |