Өзгерістер кезеңі
2
Мен алдымен жүйені бағамдап, сосын жоспар құрып,
ойға алғанын сүйсіне жүзеге асырған адамды жетістікке
жетті деп санаймын.
Өзгерістер кезеңі
Студенттік жылдар – адам ретінде қалыптасудағы өте
қызықты дəуір. Кешегі өрімдей жігітке өзі үшін, өз
шешімдері мен əрекеттері үшін жауапкершілік алатын кез
келді. Егер сен өзіңнің туған қалаңда оқысаң, үйде саған
əрдайым көмектесіп, қолдайтынын білесің. Ал басқа
қалаға, тіпті басқа елге кетсең, мықтылығың нағыз сынға
түсетін осы сəт. Мен əке-шешемнің үйінен 16 жасымда
кетіп, Кеңестік дəуірдегі ең үздік оқу орындарының бірі –
Калинин
атындағы
Ленинград
политехникалық
институтына оқуға түстім. Дəл осы Ленинградқа көшу
туралы шешім өмірімде маңызды рөлге ие болды жəне
осындай адам болып қалыптасуыма көмектесті.
Сол кезеңде, 1988 жылы «өмірімнің 25 жылын осы
қалада өткіземін, қарапайым студент болып келіп,
халықаралық холдингтің негізін қалаушыға айналамын»
деп, мүлдем ойламаған едім.
Оқуымды Кеңес Одағында, əлі Ленинград кезінде
бастап, жоғары оқу орнын басқа елде жəне басқа қалада –
Ресей Федерациясы, Санкт-Петерборда тəмамдадым. Бұл
бір үлкен өзгерістерге толы қызықты кез еді.
Достарыңызбен бөлісу: