өмірдің өзі жəне əлемде əлі қаншама қызық дүниенің бар
екендігі мені қызықтырады. Сондықтан жаңа адамдарды,
идеялар мен жобаларды тануға əрдайым дайынмын.
Менің студенттік жылдарым тұтас дəуір күрт өзгерген
қайта құрумен, Кеңес
Одағының құлауымен тұспа-тұс
келді. Қиын кезең еді. Дүкен сөрелерінде көптеген заттар,
тіпті ең қарапайым азық-түлік өнімдері – қант, май
болмады. Ата-анам мен қарындастарыма көмектесу үшін
оқудан кейін үнемі қосымша жұмыс істеуіме тура келді.
Мен таныстарымнан біршама заттарды консигнацияға
алып, кейін оларды өз жатақханамдағы балаларға, басқа
институттарға саттым. Тоқтаусыз тіршілік, үнемі бірдеңе
аласың сатасың,
ақша табасың, тағы да аласың. Əйтеуір
өмір сүру үшін сатуға жарайтынның бəрін саттық. Мұның
жағымсыз жағы да болды. Үнемі өз позицияңды қорғауың
керек, соның салдарынан басқа жігіттермен жиі
қақтығыстар да болып тұратын.
Маған əрқашан жігіттермен де, қыздармен де тіл
табысу оңай болды.
Дос таңдағандағыдай, қыздарға
келгенде де, өмірлік тəжірибелерінен бір сабақ алатындай
жоғары курстың қыздарымен араласатынмын. Жігіттердің
көпшілігі студенттік шақта үйленіп алғанымен, əзірге
шаңырақ көтеруге асықпау керектігін түсіндім. Алда мені
үлкен мақсат-міндеттер күтіп тұрды. Сондықтан оқуда
жүрген кезімде «сол бір аруды кездестірмедім-ау» деп
қынжылмадым. Ең алдымен
кез келген ер-азамат секілді
аяққа тұрып, баспаналы, көлікті болып, тұрақты табысқа
қол
жеткізіп, содан кейін ғана отбасын құрғым келді.
Асықпауымның тағы бір себебі, мен жалғыз ұлмын, ата-
анам ешбір қиындықсыз өмір сүруі үшін барлық
материалдық жағдайды жасауым керек болды.
Институтта жүрiп те спортпен шұғылдана бердім.
Дереу Ленинградқа келісімен
бокспен қайта айналыса
бастадым, сөйтіп екінші курста 20 000 адам оқитын
Ленинград политехникалық институтының чемпионы
атандым. Осыдан кейін шығыс жекпе-жектерінің үздігі
болған студенттік қалашықтағы бір жігітпен танысып,
бірге жаттыға бастадық. Осылайша, менің кестемде каратэ
пайда болды. Онымен айналысуымның себебі – сенімділік
жəне 90-шы жылдардағы «тонайтын Петерборда»
өзімді
қорғау үшін.
Əр елден келген студенттердің арасында өзімді
ешқашан бөтен сезініп көрмедім, бізде ұлтына қарай бөлу
деген болмайтын. Өзімнің өмірлік тəжірибемнен
байқағаным, бүкіл əлемде мені бір ғана көрсеткіш
бойынша – қызықты пікірлесе білемін бе, жоқ па, соған
қарап бағалайды. Адамдар
шыққан жеріңе қарайды деп
адасудың қажеті жоқ. Өзін жəне өз əлсіздіктерін еңсере
алмағандар ғана шыққан жеріне байланысты, «бөтен
қалада немесе басқа елде шеттетілгендіктен жетістікке
жетпедім» деп ақталып жатады. Алайда, өз тəжірибемнен
айтпағым:
Достарыңызбен бөлісу: