қылтитып, шылым шегіп
тұрған қыздарды алғаш рет
көрдім. Жас қыздардың темекі тартқанын бұрын-соңды
көрмеген мен жағамды ұстадым.
Бұл өте ерсі болып
көрінді. Қазір ондай көрініс ешкімді таңғалдырмасы анық,
алайда сол бір сəт арқылы өз ережелері бар, мен үшін
жаңа өзіндік мəдениеті бар, басқа əлемге тап болғанымды
түсіндім. Бұл өзгерістерді тек қабылдауды үйрену керек
болды.
«Əй дейтін əже, қой дейтін қожа жоқ» демекші, ата-
анасынан жырақта жүрген жігіттердің көпшілігі «ересек»
өмірді темекі мен ішімдіктен бастады. Бəлкім, осылайша,
өздерінің
есейгендерін
жəне
еркін
екендіктерін
көрсетпекші болған шығар. Алайда, мен дəл солай «есею»
міндетті емес деп санадым.
Институтта оқыған бес жыл
ішінде бірде бір рет ішімдік ішіп, не
темекі шеккен
емеспін (əлі күнге дейін шекпеймін). Көп студенттер
мұнымды біртүрлі көрді, ал маған бұл қызық емес еді.
Үнемі «өй, өзің жігітсің бе?», «мені сыйламағаның»
дегенге түсірмекші
болғанымен, өз ұстанымымнан
ауытқымауды жөн көрдім. Егер маған əлдене ұнамаса, тек
біреудің көңілінен шығу үшін ондай бір əрекетке
бармаймын.
Өз пікірің болып, оны қорғай білу өте
маңызды.
Курстастарыма масаймай-ақ өмірден жəне
дəмді астан лəззат алып, ішкендерден де көңiлдiрек əрі
ашық-жарқын жүре алатынымды түсіндірдім.
Мен
лəззатты
парасатты
адамдармен
араласқаннан
аламын.
Достарыңызбен бөлісу: