жоқ. Кəсіпкелердің міндеті – қызметкерлерге көбірек
мүмкіндік беру,
оларға бақылаушы болмай, ресурс бола
білу. Мен компанияның атқарушылық жұмысына
араласпаймын, себебі көптеген қызметкерлеріміз біздің
мектептен өткен жəне бизнесті қалай жүргізу
керектігін
біледі. Əрине, арасында менде қандай да бір ойлар,
идеялар пайда болғанда, жұмысымыздың тиімділігін
арттыру үшін қызметкерлермен ой бөлісемін.
Солай бола тұра əрдайым нəтижені тексеремін. Егер
біз бір жылға қандай да
бір көрсеткіштерді жоспарласақ,
тоқсан сайын оны тексеріп отырамыз жəне бұл тек пайда
туралы мəліметтермен шектелмейді, мен əртүрлі
көрсеткіштер бойынша қараймын.
Компанияның тиімділігін ұдайы арттыру үшін
бірнеше фактордың болуы маңызды. Əрдайым бір жылға
оптимистік жəне пессимистік бюджет құрыңыз жəне
қаражатты пессимистік бюджет аясында жұмсаңыз,
кемінде алғашқы алты айда. Ал егер жарты жыл өтісімен
табыстарыңыздың оптимистік
болжамға жақын екенін
байқасаңыз, пессемистік бюджеттің аясына шығып,
көбірек қаражат жұмсауға болады. Ақшаларыңыз
сатылмай қалған тауарлар түрінде жатпай, сізге жұмыс
істеуі үшін қоймадағы айналымды көбейтіңіз. Мүмкіндік
болғанда кредиторлық берешекті арттырыңыз, төлемдерді
кешіктіру мерзімін ұзарту туралы келісіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: