Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда



Pdf көрінісі
бет38/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ

Мен жылдар өте
келе жаңа əлдене ойлап табу арқылы тек саланы ғана
емес, белгілі бір дəрежеде əлемді өзгертетінімді
түсіндім.
Қазір біздің компания өз жабдықтарын өндіреді,
оны бүкіл əлемге таратады жəне технология саласында
үздік болып табылады. Бұған қуанамын. Біз өз
беталысымызды жасаймыз!


Өзгелер салған «соқпақ жолмен» емес, өзіңізге ғана
сеніп, көп тер төгу қажет. Кез келген бизнес-жобаның
сəтті жүзеге асуының кепілі осы.
Серіктестерді қалай дұрыс таңдау
керек?
Жаңа бизнес бастағанда жақсы серіктестердің болуы
маңызды. Мен ARMAN компаниясын құрғанда Стокгольм
бизнес-мектебінде оқып жүрдім. Ол кезде технологиялық
байланысты ілгерілететін бизнес құру туралы ой болды.
Менімен бірге көптеген жігіттер оқыды, олардың
əрқайсысы өзінше бір жетістікке жеткен адамдар.
Солардың бірі Юрий Маркеловке бірге жұмыс жасауды
ұсындым. Ол сол кезде бір компанияда логистика
менеджері 
болып 
жұмыс 
істейтін. 
Мен 
ұялы
телефондармен айналысып жүргендіктен, уақытымның
көп бөлігін соған арнадым. Сондықтан маған жаңа
кəсібімнің атқарушылық бөлігін өз мойнына алатын адам
керек болды. Менде идея, байланыс, таныстар,
өндірушімен келісім жəне ақша болды. Ал оның міндетіне
осы бизнесті дамыту, нарықты талдау, клиенттерді іздеп-
тауып, сату кірді. Юрийдің техникалық білімі болғанымен,
бизнес-мектептің үздік оқушыларының бірі болғанына
қарамастан, логистика менеджері ретінде, ол бұл саладан
алыстау еді. Оның компанияны басқаруда тəжірибесі аз
болатын. Алайда, менің оны серіктес ретінде таңдаған
себебім – жоғары кəсіби шеберлік қасиеттерімен қоса,
сенімділігі, тəрбиелілігі жəне жылдам үйренетіні ұнады.
Оған істі қорықпай сеніп тапсыра алдым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет