тұрғызатынын түсіндім, бірнеше жылдан кейін солай
болды да. Біз ол нарықтан табыс тауып, ол
өрлеп тұрған
кезде пайдамен шығып кеттік. Нарықтан дер кезінде
шығып кету – ол да өнер.
Сондықтан кəсіпкерлер үшін
бизнесті қалай бастайтыны жəне одан дер кезінде
шығуы бойынша стратегия жасау өте маңызды.
Бизнесті мына қасиетсіз бастауға болмайды. Ол –
өз ісіңе деген құштарлық. Мейлі, кішкентай кəсіп
немесе үлкен холдинг ашуды жоспарласаңыз да,
құштарлықсыз бəрі бекершілік.
Өз нарығыңды қалай жасау керек?
Менен «немен айналысқан дұрыс, əлі ешкім
игермеген қандай істі таңдаған жөн?», – деп жиі сұрайды.
Алдымен бағытты бағамдағанда нарыққа мұқият болуға
кеңес беремін:
көбірек тындап, бар ықыласпен қарап,
адамдарға жақын болып, олардың қажеттіліктерін түсіне
білу қажет.
Бизнес құруда бастысы, дəл осы нарық
қажеттіліктері, яғни сұраныс ұсыныс туғызады.
Нарықтағы
қанағаттандырылмаған
қажеттілікті
табыңыз: қандай да бір жақсы өнім жоқ па немесе ол бар,
алайда қымбат па немесе қолжетімді бағамен де бар,
алайда оны жеткізуге қатысты қиындықтар болса – осы
мəселені дамытумен жəне жақсартумен айналысыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: