Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


Жетістікке жеткен адамдардың бəрі күнделік



Pdf көрінісі
бет32/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ

Жетістікке жеткен адамдардың бəрі күнделік
жазатын болған. Өз өміріңізді жоспарлап, əр күн сайын
сол үшін кішкентай болса да қадам жасайтын
болсаңыз, үлкен стратегиялық мақсаттарды
бағындырасыз!
Сонымен қатар армандарыңыз бен жоспарларыңызды
қолдайтын адамдардың ортасында болу аса маңызды.
Өмірде кейде сізді төменге тартатын жəне жетістікке
жететініңізге сенбейтін адамдар кездесіп отырады.
Мұндай жағдайда өзіңе деген сенімді, өз ісіңе деген
сенімді жоғалтпау маңызды. Өмір жолында самғау да,
құлдырау да болады, алайда ешқашан еңсеміз түспеуі тиіс.
Өз-өзімізге бекем болып, мақсаттарымызға жетуге
талпынуымыз керек. Сіздің шыңға шығатыныңызға
күмəнданатындарға құлақ аспаңыз.
Бұған қатысты менде «Шаян толы шелек теориясы»
деген мысал бар. Қысқаша айтсақ, шаяндардың
ақымақтығы соншалықты: олар шелектен бір-біреулеп
оңай шығып кетер еді. Алайда, ішінен бір батылдауы
шығуға талпынса, қасындағылар оны аяғынан тартады. Ал
біздің өмірімізге бұл қаншалықты ұқсас? Мысалы, біреу
шылым шегуді тастаймын десе, қасындағылар «бəрібір
тастай алмайсың», – дейді де, шылым ұсынады. Немесе


екінші жоғары білім алып жатсаң, əріптестерің «оны
қайтесің, жұмыстан онсыз да шаршап жүрсің ғой», –
дейді. Əсіресе, айналаңдағылар саған жиі нартəуекелге
барасың (жолың болмайды, қабілетсіз, мұныңнан ештеңе
шықпайды) деуі мүмкін. Адамдардың болмысы осындай.
Алайда, сырттан келетін қысымға берілмеңіз, сізге сенетін
жандардың ортасынан табылыңыз. 
Тіпті жүз адам артқа
тартса да, алға тырмысып, мықты болыңыз!
Мені 
қанаттандыратын 
үлгі
боларлық адамдар
Мені бəрінен бұрын өзім жекелей танитын
адамдардың жетістікке жету жолдары қанаттандырады.
Сондай үлгі боларлық кісінің бірі – өзім аса құрметтейтін,
«Атлант-М» холдингі директорлар кеңесінің төрағасы
Олег Хусаенов. Олег те мен сияқты Қостанайда туып-
өскен. Алты жас үлкендігі бар. Ол өз əріптестерімен бірге
ауадан бизнес тұрғызды, ал бүгінде Forbes нұсқасы
бойынша, «200 ірі ресейлік компания» тізіміне кірді.
Оның да инженерлік білімі бар жəне ол «жұлдызды»
қызметкер емес, жүйелі бизнес құрды.
Жүйелілікке байланысты Хусаенов 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет