Соңғы айларда «Даму» кəсіпкерлікті қолдау қорымен
тығыз жұмыс жасап жүрміз. Олардың тəуелсіз
директорларға арнап, сапалы курстар ұйымдастыратыны
ұнайды. Ұйымдағы директорлар кеңесінің мықты
құрамының арқасында қордың өзін дамыту саласында
үздік шешімдер шығарылады. Маған мұнда жұмыстың
жүргізілу жүйесі қатты ұнайды, бір-бірімізден үйренеріміз
көп. Көбінесе белгілі бір мəселелердің шешімін табу үшін
түрлі амалдарды пайдалану керек.
Тұжырымдамасын
ойластырып қана қоймай, оны өзара талқылау қажет. Кері
байланыс керек, бұл – пікірлер ауқымын кеңейту арқылы
ұжымдық тəжірибеге қол жеткізу деген сөз. Сондықтан
басшыларға директорлар кеңесіне түрлі саланың тəуелсіз
сарапшыларын шақыруға кеңес беремін.
«Дамумен» серіктестік аясында біз басқа елдердегі
ұқсас қорларға барып тұрамыз. Жақында Түркияның
мемлекеттік қорларының даму тəжірибесін, сауда-
өнеркəсіптік палаталарын жəне
еркін экономикалық
аймақтарын көріп қайттық. Анадолы елінің көптеген
бизнесмендерімен таныстық, бұл тағы да жаңа
мүмкіндіктер.
Ұдайы білім алу туралы сөз қозғағанда сабақтастық
мəселелеріне, жоғарыда
айтып өткендей аға буыннан
тəжірибе алуға назарларыңызды аударғым келеді.
Жақында Роберт де Ниро ойнайтын «Стажер» атты
қызықты голливудтық фильмді көрдім. Картина сюжетіне
сəйкес, жетпіс жастағы кісі, əдетте еш жерде жұмыс
жасамаған жастарды алатын IT-компанияға тəжірибеден
өтуге келеді. Қанша жыл еңбек еткенде ғаламтор дегенді
көрмеген зейнеткерді жастар бастапқыда келеке етеді.
Əлгі кісі ісін табысты бастаған,
алайда басшы ретінде
қалыптасып үлгермеген директор қыздан жауапты
тапсырманы күтумен күнде кеш батырады. Фильмнің
соңына қарай барлығы 70 жастағы кісінің кеңестері мен
көмегінсіз қиналатындай күйге жетеді. Осылайша,
кеңседегі əрбір қызметкерге де, Нироның кейіпкерінің
өмірлік тəжірибесі пайдаға жарайды.