салатын себетті, үш секундтық аймақты, өзіміздің
қозғалыстарымыздың
траекторияларын
сызатынбыз.
Барлық комбинацияларды
алдын ала ойластырып, ойша
«ойнатқандықтан» мұның бəрі паркетте табысты нəтиже
көрсетуге көмектесті.
Жеке басыңызды дамыту барысын күнделікке
жазып отыруды əдетке айналдырыңыз. Сонда
мақсатыңызға қалай жекеніңізді байқамай қаласыз.
Бірінші болуымыз үшін (командамыздың ұранына
сəйкес) өз қимылдарымызды жоспарлауға үйреткен
бапкеріміз мақсатына жетті: біз қалай тиімді етсек деп
ұдайы ойланатын болдық, үнемі қарсыласты жеңудің жаңа
тəсілдерін іздеумен жүретін деңгейге жеттік.
Мектептен
кейін өз қимылдарымызды жоспарлау жəне жүзеге асыру
əдетке айналып, бойымызға сіңіп кетті де, жеке күнделік
жазуға көштім. Онда өз жетістіктерімді, мақсаттарымды,
оларға қалай қол жеткізу керектігін жазып жүрдім.
Қазір де үнемі осы күнделік бойынша өмір сүріп,
бизнеспен айналысып жүрмін. Күнделікті жазбаларымда
ұдайы артығырақ бəсекеге қабілеттілікке ие болу үшін
қандай жаңа білімдер керектігін жоспарлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: