Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


Кəсіпкер болу үшін үнемі əрі жүйелі даму керек



Pdf көрінісі
бет27/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ

Кəсіпкер
болу үшін үнемі əрі жүйелі даму керек.
Егер адамдар
бұған жүрдім-бардым қараса, олардың өз саласында үздік
атануы екіталай. Бұл қарапайым жетістікке жету жолы,
алайда оны көпшілік қолдана бермейді.
Егер өзімнің жоспарлау тəжірибем туралы айтатын
болсам, мен алдағы бес жылға мақсат қоямын – бизнесте
жəне тұлға ретінде даму барысында неге қол жеткізгім
келетінін белгілеймін. Межеленген осы уақыт өткенде
өзімді қалай елестететініме мəн беремін.
Бала кезімнен армандарымның тезірек орындалуы
үшін оны елестетудің тиімді тəсіліне жүгінетінмін –
«Жетістікке жету Күнделігінде» тілектерімнің картасын
жасайтынмын. Оған үй, автомобиль жəне басқа да мен
үшін құнды заттар бейнеленген суреттерді қиып алып,


жапсыратынмын. Осылайша, қағазға түсіру арқылы осы
кезең ішінде менің қандай межеге жететінім суреттеледі.
Бұл тəсілді бүгін де пайдаланамын. Алға қойылған
мақсатқа қол жеткізу үшін қаншалықты уақыт пен ресурс
керектігін көрсетіп, жол картасын жасауға көшемін.
Мақсат айқын кезде оны жылдарға бөле бастаймын: биыл
мынаны, екінші жыл ананы істеймін. Жылды егжей-
тегжейлі айлар мен апталар, тіпті күндер бойынша
жазамын. Осылай жалпыдан жалқыға қарай жетістікке
жету жолындағы басты құрал – мақсатқа жету сызбасы
пайда болады.
Тиімді дамып, тұлға ретінде өсу үшін тамаша
«Жетістікке жету Күнделігі» сияқты құралды қолдануға
кеңес беремін. Оны өз уақытымды барынша тиімді
пайдаланып, үздік нəтижелерге қол жеткізу үшін арнайы
жасадым.
«Жетістікке 
жету 
Күнделігінде» 
өмірімдегі
басымдықтарды бөліп қарастырамын. Олар мен үшін
маңызды: бизнес, отбасы, ата-ана, достар, тұлға ретінде
даму. Дəл осы салалар бойынша бір жылға жоспарлар
жасаймын жəне жоғары көрсеткіштерге қол жеткіземін.
Ал жыл соңында өз жетістіктерімді қорытындылаймын,
міндетті түрде оларды атап өтіп, өз арманымның
орындалғанына қуанамын.
Психологтар 
мен 
бизнес-жаттықтырушылардың
«жетістіктер үшін өзіңді марапаттап отыруың керек»
дегенімен келісемін. Өзіңе қалай алғыс айтасың?
Мақсатқа жеткен кезіңде өзіңе қандай сый жасайтыныңды
жоспарлауың керек. Бұл – өте жақсы мотиватор. Мысалы,
мен өзіме сый ретінде саяхат жоспарлаймын, егер
жетпесем – ешқайда ұшпаймын деген сөз. Алға қойылған
мақсатқа қол жеткізіп, «еңбегің сіңгенiн», «тынығып,
рахаттана алатыныңды» сезгенде төбең көкке жетеді.
Сондай-ақ демалысты тұлға ретінде дамумен, қандай да
бір тренингпен, жаңа білім алумен сабақтастыруға
тырысамын. Менің алдағы жоспарлаған сыйларым –
Үндістанға Далай Ламаға жəне АҚШ-қа Дипак Чопреге,


атақты коуч жəне рухани кітаптардың авторына сапар
шегу.
Көп адамдар «бір жылдық күнтізбені алдын ала қалай
жазып қоюға болады?» деп таң қалады. Алайда, нақты
жоспарлар – іскер адамдар өмірінің міндетті шарты. Біз
уақытымызды текке жұмсай алмаймыз, себебі бұл жалғыз
орны толмайтын ресурс. Егер сен ақшаны жоғалтсаң, оны
қайтадан табуға болады, бірақ уақытты жіберіп алсаң, оны
ешкім де қайтарып бере алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет