ұсақтауынан бастап, жүзеге асырыңыз. Осылайша, алысқа
жетелейтін жол салыңыз.
Ежелгі қытай философы Лао Цзы айтқандай:
«Мың
шақырымдық сапарға апаратын жол, бір кішкентай
қадамнан басталады».
Күн сайын бір қадам болса да
жасаңыз,
бір
тапсырманы
шешіңіз,
сол
күнге
жоспарланғанның барлығын орындасаңыз, тіпті жақсы.
Меніңше, өз жылыңды
егжей-тегжейлі ойластырып,
бірнеше күнді арнайы жоспарлауға бөлген жөн. Кейін əр
тəулік сайын ойланып, бүгін не істеу керек еді дегенше,
дайын жоспарды жылдам орындап шыққан жақсы.
Жоспарлау маған тек бизнесте ғана емес,
рухани өсу
жəне тұлға ретінде қалыптасуға да, жетістіктерге қол
жеткізуге де көмектеседі. Күнделікке мақсаттар мен
жоспарлардан бөлек,
достарым мен пікірлестерім
мақтаған кітаптарды немесе міндетті түрде көру қажет
деректі фильмдерді, көптеген пайдалы ақпарат алуға
болатын үйретуші ресурстарды жазып қоямын.
Ұйықтар алдында кешкілік күн
сайын жазбалар
қалдырып отыруға кеңес беремін. Сол кезде таңертең күні
бойы не істеу керектігі тайға таңба басқандай көрініп
тұрады. Оған қоса, ұйықтап жатқанда адамның сана-сезімі
жұмыс істеуін тоқтатпайды. Сөйтіп, таңертең сізде
жоспарларыңызды жүзеге асыру бойынша тамаша ойлар
пайда болуы мүмкін. Күнделікті
жазбалардың арқасында
менің таныстарымның көпшілігі өз өмірлерін қысқа
мерзім ішінде жақсартты жəне өзгертті.
Достарыңызбен бөлісу: