Түрлі жапондық əдістер бар. Мысалы, өз машығыңа
айналдырғың келетін қандай да бір істі бастау керек, 20-30
секундтан басталсын, алайда күн сайын дəл бір уақытта
жасау керек. Біршама уақыт өткеннен кейін ол секундтар
жарты сағатқа, сағатқа, екі сағатқа созылады – сосын ол
сенің қажеттілігіңе айналады. Сол себепті саналы түрде
алға қойған мақсатыңа қол жеткізуге көмектесетін
пайдалы əдеттерге машықтану керек. Олар: күнді кешегі
кештен бастап жоспарлау, таңертең немесе ұйықтар
алдында дамытатын кітаптар оқу, жұмысқа барар жолда
көлікте
ынталандыратын
дəрістер
тыңдау.
Өзіңіз
дамытқыңыз келетін əдеттердің тізімін жасап, күнделікті
оны жасап бастауға кеңес беремін.
Достарыңызбен бөлісу: