Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


Ең бастысы бұл – бостандық. Егер белгілі бір



Pdf көрінісі
бет22/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ

Ең бастысы бұл – бостандық. Егер белгілі бір
ықылас-тілектеріңізде тəуелсіз болсаңыз, оны өзіңіз
жүзеге асыра алатын болсаңыз, онда сіз «еркіндіктегі»
адамсыз.
Мен институтты бітіріп, өз кəсібімді ашқаннан кейін
ойы ұшқыр адамдармен тілдесе келе, анағұрлым бəсекеге
қабілетті болып, бизнесті жүйелі жүргізу үшін MBA
дəрежесін алудың қаншалықты маңызды екенін түсіндім.
Ол кезде адамдардың 90 пайызы бұл пікірімді құптамады.
Олардың көпшілігі кəсіпкерлікпен тек ішкі түйсікке
сүйеніп айналысты.
Бизнесмендер «дəл осы жерді дəл қазір игеру керек,
қайдағы оқу, не айтып тұрсың, біз қазір қыруар ақша
тауып жатырмыз, басқа нəрсеге алаңдаудың қажеті жоқ,
бұл өмір бір-ақ рет беріледі, қолдан келсе, қонышынан
бас», – деді. Ешкім де MBA-бағдарламалар, жетіле түсу,
бизнесті жүргізу бойынша білім алу жайында ойлап


жатпады. Алайда, маған алдымен білімді жетілдірудің
болашағы жарқындау болып көрінді.
Кеңес дəуірінде басқарушыларды кəсіби түрде
оқытатын жоғары оқу орындары болмады. Экономистер,
заңгерлер, инженерлер болды. Десе де басқарушылар
жоқтың қасы еді. Мен кəсіби басқарушы болсам, алдағы
уақытта өзімнің тиімділігі жоғары компаниямды құра
алатынымды түсіндім. Ал жүйелі əрекет етудің
нəтижесінде менде бəсекелестік артықшылық болады.
Таныс бизнесмендердің көпшілігі сол кезде мені түсінбей,
тіпті күлетін. «Жұмыстан шаршап шығып, кешкі сегізде
тағы да бір жаққа барудың не керегі бар? Біресе ағылшын
тіліне, біресе MBA-ге барасың. Мұның саған не қажеті
бар?» дегендер көп болды.
Бүгінде сол жігіттер уақытында білім алып, əрі қарай
қадам 
басу 
керектігін 
түсінбегендіктен 
өздерінің
кішкентай ғана кəсібінің айналасында қалып қойды.
Қарапайым «сатып ал-сат» деңгейіндегі бизнеспен
айналысып жүр. Қазір олар маған жиі келіп, «қайда
қаражат құйып, қалай дамыған дұрыс» деп, кеңес
сұрайды. 
Олардың 
ұдайы 
өсу 
мен 
жетілудің
маңыздылығын түсінгені қуантады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет