алмай, ақыры қаладан қашып кетті.
Оған қарыз берген
адамдар кəсіпорын бойынша серіктестерінің бірі ретінде
маған келе бастады. Мен оларға: «сіздер ақшаны оған,
нақты
оның жобаларына бердіңіздер, қолхатты та жазып
берген сол, бізге ортақ бизнес мүлдем басқа, сіздердің
ақшаларыңызға қатысы жоқ», – деп түсіндірдім. Көптеген
келіссөздер жүргізуге
тура келді, адамдар менің бұл
мəселеге қатысым жоқ екенін ұқса да, абыройыма
айтарлықтай
нұқсан
келді.
Соның
салдарынан
компанияны жабу туралы шешім қабылдадым да, басқа
бизнеске ауысып кеттім.
Сəтін салғанда, сол кезде басқа бір ұсыныс келіп
түсті. Тағы бір жерлесіммен
бірге ұялы байланыспен
айналыстық. ТМД-да жаңа оператор – Солтүстік-Батыс
GSM пайда болды (қазіргі «Мегафон»). Сөйтіп, біз
Финляндия мен Германиядан ұялы телефондар əкеле
бастадық. Мен институтты бітірдім де, бизнестің жаңа
түріне бар күш-жігерімді салдым.
Достарыңызбен бөлісу: