болуыма мүмкіндік берді. Ал баскетбол командасының
үлкен жетістіктері бəріне бірдей ұнай қойған жоқ. Дəлірек
айтқанда, қарсыластарымызға жанкүйерлік еткен жоғары
сынып оқушыларымен жиі қақтығыстар болып тұрды. Сес
көрсетіп, «одан да жеңілгендерің дұрыс, əйтпесе
өкінесіңдер» деп қоқан-лоққы жасаумен болды. Алайда,
үлкен жігіттер біздің жігерімізді жасыта алмады. Сөйтіп,
ойындарда
жеңіске
жетіп,
матчтардан
кейін
жеңілгендердің
жанкүйерлерімен
жұдырықтасып
қалатынбыз. Бұл ұстаным маған кейін, Петерборда 90-шы
жылдары көмектесті.
Достарыңызбен бөлісу: