Тек мықтылармен жарыс!
Өз күшін сынап көру, адамды қанаттандырады. Мен
мұны бізге Қазақстанның еңбек
сіңірген бапкері Виктор
Михайлович Ряскин келген кезде, бітіруші сыныптағы
ақтық
турнир
кезінде
түсіндім.
Ол
команданы
республикалық деңгейдегі жүлдегер етуі керек болды.
Сондай талап қойылды. Біздің басты қарсыласымыз –
алматылық чемпиондар болды. Онда бүкіл Қазақстаннан
үздік ойыншылар жиналған еді.
Кеңес дəуірінде жасөспірім спортшылар арасында
ойыншылардың туу туралы куəліктерін
бір немесе екі
жасқа дейін өзгертетін «қулықтар» болып тұратын. Осы
турнирде бізге қарсы, бойы екі метрге жететін ересек
жігіттер ойнады.
Ақтық турнирде алғашқы ойындарды нөмірі бірінші
ойыншы жүргізді. Алайда, жарыс барысында ол
тəжірибелі бапкер əзірлеген жəне сəтті жүзеге асып
жүрген командалық стратегияға сəйкес
міндеттемелерді
жасамай қойды. Сол ойыншының өзімшілдігінің кесірінен
команданың жеңілуі мүмкін екенін түсінген балкер, аса
жауапты əрі команданың алдағы тағдырын шешетін
шешім қабылдады. Ол ойыншынының орнына мені
шығарды. Осындай сындарлы сəтте берілген мүмкіндікті
пайдаланып жəне өзіме қандай сенім артып отырғанын
түсініп, лайықты өнер көрсетуге барымды салдым.
Бұл ойын мықты ойыншыға үйреніп қалған команда
үшін оңай болмады. Ал мен тек командалық стратегияны
жəне жеңуді ғана ойладым.
Кейінгі төрт жыл бойы
мені мазалаған сұрақ біреу
болды: «сондай жауапты сəтте бапкер əбден төселген
ойыншыға емес неге маған сенді?» деген сауал жаныма
тыныштық бермеді. Бірде Қостанайға келгенімде осы
сұрағыма жауап ала алдым. Бапкерге бастысы нəтиже
керек болған. Ал біздің «бірінші нөмірдегі ойыншымыз»
команданы емес, жеке басын ғана ойлаған. Сол кезде
түсінгенім, бір мақсатқа біріккен жəне
таңдалған
стратегия сақталған жағдайда ғана нəтиже үшін жұмыс
істейтін адамдар жеңіске жете алады. Ойында əрқайсысы
өз міндетін орындайды жəне сен ортақ ережелерді ескере
отырып, өз ісіңді жасасаң, жетістікке жетесің. Əйтпесе,
бүкіл команданы құрдымға кетіресің.
Достарыңызбен бөлісу: