Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда



Pdf көрінісі
бет64/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ

Мен 
күндердің 
күнінде 
Қазақстанда 
да
Сингапурдағыдай жағдай жасалса деп армандаймын.
Олар 
үздік 
мамандарды 
тартудың 
сауатты
стратегиясын қолдану арқылы жетістікке жетіп отыр.
Мұны мен 2014 жылы ұсынған Астана халықаралық
қаржы орталығын құру арқылы болашақта жасауға
болады. Қазір оның ашылуын 2018 жылға дейін созып, біз
кешігіп қалуымыз мүмкін. ТМД кеңістігіндегі кез келген
басқа ел бүкіл əлемнің үздік кəсіби шеберлерін тартып,
бізді шаң қаптыруы мүмкін. Сол кезде біздің орталық
ешкімге керек болмай қалады. Мемлекетіміз осы
стратегиялық маңызы бар жобаны жеделдету туралы
шешім қабылдайды деп сенемін, сол кезде өмір сүру мен


жұмыс істеуге тамаша жағдай жасалатын арнайы аймақ
еліміздің игілігі үшін жұмыс істейтін, көптеген дарынды,
біліктілігі жоғары халықаралық мамандарды тартады.
Мен бірнеше жыл бұрын қазақстандық-сингапурлық
форумды ұйымдастырдым, бірлескен кəсіпорындар құрып,
технологиялар берілуі үшін сингапурлық инвесторларды
əкелдім. Біздің экономикамызға инвестиция құюға дайын
адамдар бірқатар түйткілдерге тап болды. Ондағысы:
тікелей рейстердің жоқтығы жəне мультивизаны алудың
мүмкін еместігі. Ал бұл кез келген инвесторға қалаған
сəтінде ұшып келіп, өз бизнесін, өз салымын бақылап тұру
үшін өте маңызды емес пе? Біздің шенеуніктер сол кезде
маған «сингапурлықтарға мультивиза рəсімдеу мүмкін
емес», – деді Бұл түйткілге тап болғаннан кейін мен
жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстарымды Facebook-
ке жаза бастадым. Сол жарияланымдармен жəне
шенеуніктермен кездесулердің арқасында Сингапурға
визаларын тағы 19 ел мүлдем алып тастады! Сыртқы істер
министрі Ерлан Əбілпайызұлы Ыдырысовқа дəлелдеріме
құлақ асып, Сингапурмен визасыз режим жасауға ықпал
еткені үшін алғыс айтамын. Егер бізде қисынды
ұсыныстарды тыңдап, қабылдайтын осындай министрлер
көп болса, еліміз халықаралық мамандар тұруға тартымды
ел болады. Біз мемлекетімізді мұнайдың, мыстың, кен мен
басқа да шикізаттық қорлардың емес, сауатты кəсіби
мамандардың арқасында жақсарта аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет