Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда



Pdf көрінісі
бет66/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ

ЖЕТІСТІК КІЛТІ:
Өзіңізді ынталандыратын миссияны анықтаңыз. 
Бəсекелестерден тиімді ерекшеленетін стратегия
əзірлеңіз. 
Əлемдік нарықта клиенттер үшін тартымды болатын
бəсекелік артықшылықтарыңыз болсын. 
Əлемдік нарықты талдаңыз, тың кəсіп табыңыз, сіздің
өніміңізге сұраныс көп болатын елдерді зерттеңіз. 
Ең ірі ойыншылардың серіктесі болыңыз. 
Өкілеттіліктерді 
жүктеңіз 
жəне 
компанияны
басқарудың автоматтандырылған жүйесін жасаңыз. 
Əрдайым қызметкерлерді жұмылдыра отырып,
бəсекелік артықшылықтар жасаңыз. 


Ақшасыз өмірдің мəні туралы
7
Ақшаның мəні – оған əлдене сатып алуға
болатындығында емес, онымен əлденені өзгерте
алатындығымызда.
 
Ақшасыз өмірдің мəні туралы
Өмiрдiң бізге бақытты болуымыз үшін берілгеніне
сенімдімін. Ал ол үшін арманыңа қол жеткізіп, өз
миссияңды жүзеге асырып, бұл əлемді жақсартып,
бақытты балалар тəрбиелеп, өзіңде бар тəжірибемен жəне
біліммен бөлісу керек.
Альберт Швейцер айтқандай, 
«арамыздан адамдарға
қызмет
ету тəсілін іздеп, тапқан адам ғана шын
мəнісінде бақытты бола алады». 
Мен жас кəсіпкерлер
мен мамандарды оқыту, дəріс беру жəне кеңестерім
арқылы, табысты жобалар ашуға шабыттандыруды, өз
миссиям 
деп 
білемін. 
Күндердің 
күнінде
қызметкерлерімізге көшбасшылар мен халықаралық
мамандар деңгейіне дейін кəсіби тұрғыдан өсуге
көмектессек, компания миссиясының – қызметкерлердің
бақытты, ал жұмыстың табысты болуына септігін
тигізетінін түсіндім. Сол кезде бір компания арқылы
адамдарды бақытты ету мүмкін болса, дəл осыны бұдан да
ауқымды деңгейде жүзеге асыруға болады деп шештім,
соған қазір талпынудамын.
Өмірімнің мəні – адамдардың өздерін жетістікке
жетелейтін білім алуына көмектесу. Қазір барлық іс-
қимылым бизнесмендеріміздің деңгейін көтеру арқылы
Қазақстандағы шағын жəне орта бизнесті қолдауға
бағытталған. Бүгінде республика ЖІӨ-дегі шағын
кəсіпорындардың үлесі бар болғаны 15 пайыз, ал əлемнің
дамыған елдерінде бұл көрсеткіш 50 пайыздан асады. Егер
біз шағын кəсіпорындар санын озық елдер деңгейіне
жеткізсек, халкымыз өз бетімен тірлік қылып, мемлекетке


масыл болмайды. Ол үшін бизнесмендерге бірінші кезекте
білім мен қолдау қажет. «Дамудың» тəуелсіз директоры
ретінде аймақтарды аралағанда өңірлік кəсіпкерлердің
көпшілігінің құзыреттіліктерінің жеткіліксіз екенін
көрдім. Сондықтан əсіресе ДСҰ-ға кіру қарсаңында
бизнесмендерге деңгейлерін көтеруге жəне бəсекеге
қабілеттіліктерін арттыруға көмектесуді өзімнің басты
міндеттерімнің бірі ретінде белгіледім.
Жетістікке жеткен көптеген адамдар өз уақытының
елеулі бөлігін қайырымдылыққа арнайды. Олардың
мұндай əрекетіне құрметпен қараймын. «Осы өмірде
табысқа кенелгендер көбірек беріп, қоғам мен елге
пайдасын тигізуі керек» деген пікірмен келісемін жəне бұл
тұста тек ақшамен ғана емес, біліммен де көмектесу керек.
Балық бергенше, оны аулауды үйреткен жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет