Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда



Pdf көрінісі
бет69/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ

Менімен бірге жұмыс
істеу – бұл үнемі жауапкершілік арқалау жəне күш
салу. 
Сондықтан 
мүмкіндікті 
пайдаланып,
əріптестерім мен жақындарыма төзімдері мен
қолдаулары үшін алғыс білдіремін.
«Жыл кəсіпкері» марапаты маған жұртшылықпен
сөйлесудің жаңа деңгейіне шығуыма мүмкіндік берді. Өз
идеяңды көптеген адамдарға жеткізгің келгенде, сені
қоғамның мойындауы мен мəртебең жақсы демеу болады.


Саған көбірек құлақ аса бастайды, ықпалың күшейеді.
Қазақстандықтар менің Ресейде «Жыл кəсіпкері»
аталымында жеңімпаз атанғанымды орыс баспасөзінен
білді, осы кезде бəрінің назары маған ауды. Санкт-
Петерборға «Хабар» мемлекеттік телеарнасы келіп,
кəсіпорнымда сұхбат алды, танымалдылық пайда болды.
Осыған дейін мен көпшіліктің алдына шықпайтын адам
едім, алайда осы кездесуде біліміммен бөлісу арманыма
БАҚ-тың 
көмегімен 
тезірек 
жететінімді 
түсініп,
мүмкіндікті байқадым.
Танымал халықаралық компанияның мені табысты
кəсіпкер ретінде мойындауы өз тəжірибеммен бөлісуіме
жəне адамдар мен мемлекет үшін пайдалы болуыма
мүмкіндік туғызды. Өмір мүмкіндік беріп тұрғанда оны
жіберіп алмай, келесі кезеңге шығу үшін пайдалану керек.
Дұрыс позициялаған жағдайда кəсіпкерлікті дамыту
бойынша, мақсатыма тезірек жететінімді түсіндім.
Сондықтан əрбір жетістігіңізге келесі жетістікке
жеткізер саты ретінде қарап, тоқтамай, қарқынды
бəсеңдетпеуге кеңес беремін. Сол себепті барлық мəселені
шешуге тек ақша керек деген таптаурыннан құтылу керек.
Бұл мүлдем олай емес. 
Қызық адам болып,
серіктестеріңізге белгілі бір пайдаңыз тиюі керек, сол
кезде көптеген есікті ақшасыз-ақ аша аласыз.
Марапатты алған соң Қазақстанға келіп, біліміммен
бөліскім келгенде, журналистер маған: «бізде бəрі ақылы,
материалдың ақысын төлеңіз», – деді. Сол кезде мен
оларға: «мен бірдеңе айтуым үшін өздеріңіз ақша
ұсынатын кез туады. Сондықтан былай келісейік: егер
сіздер қазір менен ақы алмастан, тəжірибеммен бөлісуге
мүмкіндік берсеңіздер, кейін менен ақпарат керек болатын
кезде мен де тегін сұхбат беретін боламын», – деп жауап
бердім. Осылайша, олармен түсінісіп, бірге жұмыс істей
бастадық. Мен оларға керегін ұсындым: басылымдарының
рейтингісін көтеретін қызықты контент бердім, олар да
бəсекелі ортада өмір сүредi емес пе? Бір-бірімізге
қызықты əрі пайдалы бола бастадық. Өзін таныстыру


мəселесіне ұқыпты қарайтын кез-келген кəсіпкер, олар
үшін құнды дүние беріп, ақшасыз-ақ серіктестермен
əріптестік құра алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет