Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


белсенді , ал соңғы төртінші бағытында  мемлекеттің саясаты  енжар



Pdf көрінісі
бет153/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

белсенді
, ал соңғы төртінші бағытында 
мемлекеттің саясаты 
енжар
болып табылады.
Белсенді саясат əрқашанда толық жұмысбстылыққа қол жет-
кізуге бағытталады жəне дамыған елдерде еңбек нарығының ба-
сым бағыттарына жатады. 
Белсенді саясат кезінде атқарылатын іс-шаралар:
− 
экономикаға инвестициялардың құйылуын мемлекеттік 
ын таландыру, бұл шара жаңа жұмыс орындарының ашылуына 
көмектеседі;
− 
құрылымдық жұмыссыздыққа тап болғандарды қайта оқыту 
жəне олардың өз біліктілігін арттыруына жағдай жасау;
− 
еңбекпен қамту орталықтарын, еңбек биржаларын ашу 
жəне оларды дамыту, бұл шара фрикциондық жəне құрылымдық 
жұмыссыздықты төмендету мақсатында бос жұмыс орындары 
туралы ақпараттармен қамтамасыз етуге жағдай жасайды; 
− 
жеке немесе отбасылық бизнесті қолдау, бұл шара дамыған 
14–533


210
елдерде халықты жұмыспен қамтудың аса маңызды əдісі болып 
саналады;
− 
жастар мен мүгедектер сияқты халықтың ерекше топтары-
на жұмыс берушілердің жұмыс орындарын тауып беруі үшін, 
мемлекеттің салықтық жəне заңдық шаралар арқылы ынталан-
дыру;
− 
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
− 
жұмыс табу үшін қажет болғанда тұрғылықты мекенжа- 
йын ауыстыруына көмектесу;
− 
халықаралық еңбек миграциясымен байланысты жұмыс-
бастылық мəселесін шешуде халықаралық ынтымақтастық шара-
ларын жүргізу;
− 
білім беру, медицина, коммуналдық шаруашылық, қоғам- 
дық ғимараттарды тұрғызу сияқты мемлекеттік сектор салала-
рында жұмыс орындарын ұйымдастыру.
Енжар саясат кезінде мемлекет еңбек нарығында жұмыссыз 
қалғандарды мемлекеттік қолдау жəне оларды əлеуметтік қорғау 
шараларын жасайды. Мұндай жағдайда жұмыссыз азаматтарға 
келесідей кепілдемелер беріледі:
− 
материалдық көмек, жəрдемақылар жəне басқа да əлеумет-
тік төлемдер түрінде əлеуметтік қолдауды іске асыру;
− 
тегін медициналық қызмет көрсету.
Дамыған едерде жұмыссыздарға қаржылай көмек беру жұ-
мыс сыздық бойынша сақтандыру жүйесі негізінде жүзеге асы-
рылады жəне сол арқылы жұмыссыздардың өмірлік ең төменгі 
шығындарын қамтамасыз етеді.
Жоғарыда аталып өткендей, еңбек нарығын реттеуде маңызды 
орынды еңбек биржалары алады. Осыған да жеке тоқталып кету-
ге болады.
Еңбек биржасы
– бұл жұмыс күшін сату жəне сатып алу-
ды жүзеге асыратын жұмыскерлер мен кəсіпкерлер арасында 
делдалдық қызметтер көрсететін ұйымдар болып табылады. 
Бұлар жұмыссыздықты түгел жоя алмаса да, жұмысқа орналас- 
тыру жəне жұмыскерлерді жалдау үрдісінің дұрыс ұйымдас-
тырылуына жəне тиімді жүзеге асуына мүмкіндік береді.
Сонымен, бұл жердегі мемлекеттің рөлі толық, тиімді жəне 
еркін жұмысбастылықты қамтамасыз етуге көмек беру үшін 
оңтайлы саясатты жүзеге асыру шараларынан көрінеді.


211
Елбасының тікелей тапсырмасымен қазіргі уақытта елімізде 
еңбек нарығын реттеудің жəне жұмыссыздықты жоюдың жаңа 
бағыттары қалыптасып іске асырылу үстінде. Жаңа қабылданған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет