Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет154/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

«Жұмыспен қамту-2020»
Мемлекеттік бағдарламасы жəне елді 
индустрияландыру картасы аясында 370 мыңға жуық жұмыс 
орны құрылатын болады. 
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы үш бағытты 
қамтиды:
1. Кəсіптік оқытудан кейін жұмысқа орналастыруды қолға 
алу; 
2. Жеке ісін бастаушыға ең алдымен ауылда ұйымдастыруға 
жəрдемдесу;
3. Тұратын жерінде жұмыс, не бизнес жасауға мүмкіндік 
бол 
маған жағдайда осы бағдарлама бойынша дамыған өңірге 
баруға мүмкіндік беру.
Сондай-ақ, осы бағдарлама аясына 
«Дипломмен - ауылға»
бағдарламасын да кіріктіріп, оны сəтті түрде жүзеге асыру назар-
дан тыс қалмайтын болады. 
Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің ресми мə-
ліметтері бойынша еңбек нарығының қазіргі экономикалық жағ-
дайы туралы бірқатар мəліметтерді қосымша беруге болады. 
2011 жылғы I-тоқсанда 15 жəне одан жоғары жастағы эко-
номикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 8,6 млн. адамды 
құрады, бұл 2010 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 0,6%-ға көп. 
Республика экономикасында 8,1 млн. адам жұмыспен қамтыл-
ды немесе 15 жəне одан жоғары жастағы халықтың 67,2%. Өткен 
жылғы I-тоқсанмен салыстырғанда олардың саны 105,2 мың 
адамға (1,3%-ға) артты.
Жұмыспен қамтылғандардың құрамындағы жалдамалы жұ -
мысшылардың пайыздық үлесі 67,2% болды, ал өздігінен қам-
тылғандар (самозанятые) 32,8%-ды құрады. Жалданып жұ-
мыс істейтіндердің негізгі үлесі мемлекеттік жəне мемлекеттік 
емес ұйымдарда жұмыспен қамтылды – 81,7% (4,5 млн. адам). 
Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны 2,7 млн. адамды құ-
рады. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың негізгі бөлігі өз 
қызметін ауыл шаруашылығында (62,1%), сондай-ақ, сауда сала-
сында (22,6%), көлік қызметін көрсетуде (4,9%) жəне құрылыста 
(4,0%) жүзеге асырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет