259
Экономикалық циклдердің себептері.
Макроэкономикалық əдебиеттерде экономикалық циклдің
пай да болу себептері туралы ортақ жалпы мойындалған пікірлер
мен теориялар жоқ, сондықтан əртүрлі экономикалық бағыт тың
өкілдері экономикалық цикл туралы көзқарастарын əртүрлі тү-
сіндіреді.
С. Джевонс пен А. Чижевский циклдің себептерін Күн бе-
тіндегі дақтардың адамдарға əсер етуімен түсіндіреді. В. Паре-
то мен А. Пигу циклдің себептерін адамдардың экономика лық
қызметтеріндегі оптимистік жəне пессимистік қатынастарға
бай ланысты деп айтады. Т. Мальтус пен Ж. Сисмонди циклдің
себептерін өндірілетін табысқа қарағанда тұтынылатын табыс-
тың жетіспеушілігімен байланыстырады. М. Туган-Барановский
мен А. Шпитгоф оларды өндіріс құрал-жабдықтары өндірісінің
тұтыну заттары өндірісінен артып кетуінен деп тұжырымдайды.
Э. Хансен мен Р. Хоутри циклдерді банктік несиелерді экспансия-
лаудан жəне шектеуден, есептік мөлшерлеменің қозғалысынан
орын алатынын алға тартады. Дж. Кейнс циклдерді жинақтардың
артып кетуімен жəне инвестициялардың жетіспеушілігімен бай-
ланыстырады. Ал К. Маркс болса циклдің пайда болу себептерін
капитализмнің негізгі қайшылықтарынан іздейді.
Достарыңызбен бөлісу: