Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет198/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

11.4-сурет
Мемлекеттің жиынтық сұранысқа əсер етуі
Қазақстан Республикасының экономиканы тұрақтан-
дыру (дағдарысқа қарсы) саясаты 
2007 жылдың тамыз айынан орын алған əлемдік қаржылық 
экономикалық дағдарыс қазіргі жаһандану үдерістерінің терең-
деуі қарсаңында көптеген мемлекеттерді əуре-сарсаңға салғаны 
белгілі. Осы дағдарыс əлем елдерін оның себептерін жою бой-
ынша тиімді жолдар мен əдістерді іздеуге мəжбүр етті. Жаңа 
құбылыстар жағдайында осының бəрі тұрақтылық пен бəсе-
кеге қабілеттілікті көтеру мақсатында ұлттық экономикалар-
дың жандану стратегияларын қайта түзетуге жəне өз кезегін-
де, экономикалық саясатты жетілдіре түсуге итермеледі. Əлем 
елдерінің дағдарысты еңсеру бойынша қабылдаған аса маңызды 
іс-шараларын төмендегідей топтастыруға болады:

ұлттандыру жолымен немесе мемлекет тарапынан қар жы-
лық көмек ұсыну арқылы ірі жүйе құраушы коммерция лық 
банктерді құтқару;


269

арнайы дағдарысқа қарсы бағдарламаны əзірлеу жəне оны 
жүзеге асыру үшін қаржылық қор құру;
− 
қаржы жүйесін реттеуде мемлекеттің рөлін күшейту бо-
йынша шаралар;
− 
ел үшін əлеуметтік-экономикалық маңызы бар нақты сек-
тордағы ірі компанияларды тікелей қаржылық қолдау;
− 
бизнестің салық ауыртпашылықтарын төмендету;
− 
жұмыссыздықпен күрес жəне табысы төмен отбасыларды 
əлеуметтік қолдау бойынша шаралар.
Жалпы алғанда, 2010 жылға дейін созылған əлемдік қаржы- 
лық-экономикалық дағдарысты еңсеру жəне қаржылық тұрақ-
тылықты қолдау үшін əлемде жалпы ішкі өнім көлемінің шама-
мен 10-15%-ы немесе 10 трлн. доллардан астам қаржы жұмсалды. 
Ал Қазақстанда дағдарысқа қарсы іс-шаралардың жалпы сомасы 
14 млрд. доллардан асып кетті.
Əлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың басында Қа-
зақстанның коммерциялық банктері сыртқы көздерден 45 млрд. 
доллар көлемінде қаражатты қарызға алып үлгерген еді, сон-
дықтанда дағдарыс басталғаннан кейін Қазақстанның банктік 
секторында жағдай күрт төмендеді: сыртқы көздерден арзан не-
сие алу тиылды, қарыз құралдарының бағасы өсті, бұрынғы қа-
рыздарды жабуда жəне экономиканың нақты секторын несиелеу-
де қиыншылықтар туындады. Банктердің банкроттыққа ұшырау 
қаупі күшейді.
Осындай жағдайдарда мемлекетіміз қалыптасқан жағдаят-
ты дер кезінде нақты бағалап, ел экономикасын дағдарыстан 
шығарудың дұрыс шешімдерін қабылдай білді. Қазақстан ТМД 
елдерінің арасынан бірінші болып ҚР-сы Президенті Нұрсұлтан 
Əбішұлы Назарбаевтың бастамасымен ҚР-сы Үкіметі, ҚР-сы 
Ұлттық Банкі жəне Қаржылық қадағалау Агенттігі бірігіп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет