Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Экономиканы тұрақтандыру саясаты



Pdf көрінісі
бет197/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Экономиканы тұрақтандыру саясаты
– бұл инфляция мен 
жұмыссыздық деңгейлерінің циклдік толқуларын қысқартуға 
жəне экономикалық өсу үшін қолайлы экономикалық жағдаят-
ты жасауға бағытталған, сонымен қатар, өндіріс көлемі мен 
жұмысбастылықты қалыпты деңгейінде ұстап тұруға негізделген 
мемлекеттің экономикалық саясатының кешенді іс-шаралары.
11.2-кесте. 
Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру саясаты
Экономиканы 
тұрақтандыру 
саясатының құралдары
Дағдарыс 
кезеңдерінде
Өрлеу 
кезеңдерінде
Бюджет-салық саясаты Бюджет шығындарын 
арттыру, салық ставка-
ларын төмендету
Бюджет шығындарын 
қысқарту, салық став-
каларын жоғарылату
Ақша-несие саясаты
Есептік ставканы 
төмендету, ашық 
нарықта мемлекеттік 
бағалы қағаздарды 
сатып алу, міндетті 
резервтер нормасын 
төмендету
Есептік ставканы 
көтеру, ашық нарықта 
мемлекеттік бағалы 
қағаздарды сату, 
міндетті резервтер 
нормасын көтеру
Табыстар саясаты
Жалақыны арттыру
Жалақыны қысқарту
Инвестициялық саясат
Инвестициялық 
жобалардың іске асуын 
тездету, мемлекеттік 
қолдау көрсету
Мемлекеттік қолдауды 
жəне инвестиция 
салуды тежеу
Мақсаты:
Экономикалық 
белсенділікті 
ынталандыру
Экономикалық 
белсенділікті 
тежеу
Əдетте, теориялық тұрғыдан кейнстік бағыт экономикалық 
белсенділікті, ең алдымен, жиынтық сұранысты басқару арқы-
лы реттеу керек деп санайды. Дағдарыс пен тоқырау кезеңдерін-
де мемлекеттің экономикалық саясаты жиынтық сұранысты 
ынталандыруға бағытталады. 11.4 а-суретінде бұл құбылыс AD 
қисығының AD
1
жағдайына жоғарыға жылжуымен түсіндірі-
леді жəне экономика толық жұмысбастылық жағдайына (Y*) 


268
жақындайды. Керісінше, жандану, əсіресе, өрлеу кезеңдерінде 
экономиканың əріқарай инфляциялық жағынан қызып кетуі-
нен сақтану үшін мемлекеттің экономикалық саясаты тежеледі. 
11.4 ə-суретінде мұндай жағдай AD қисығының AD
1
жағдайына 
төменге жылжуымен түсіндіріледі жəне экономика əлеуетті 
шығарылым деңгейіне (Y*) қайтып келеді. Кейнстік теорияның 
экономикалық циклге байланысты жиынтық сұранысты реттеу 
саясаты Кейнс кресі үлгісімен түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет