271 Қорытынды 1.
Экономикалық (іскерлік) цикл – макроэкономикалық тұрақ-
сыздықтың белгісі ретінде нақты ЖІӨ-нің экономикалық белсенділік
деңгейінің үнемі толқып жəне ауытқып отыруы. Немесе экономикалық
дамудың жоғарылау кезеңдерінің құлдырау кезеңдерімен ауысып оты-
руын, сондай-ақ, экономиканың бір фазадан екінші бір фазаға өту
аралығын (құлдырау фазасынан келесі бір құлдырау фазасына дейінгі
аралық) айтамыз.
2. Экономикалық циклдің фазалары: а) құлдырау (төмендеу, ре-
цессия) фазасы экономикалық даму параметрлерінің тез нашарлауы-
мен сипатталады; ə) тоқырау (түп, стагнация) фазасы құлдыраудың ең
төменгі нүктесі ретінде сипатталады; б) жандану (тірілу) неме-
се қалпына келу фазасы негізгі капиталдың жаппай жаңартылуы,
жұмыссыздықтың қысқаруы, жалақының өсуі, бағалардың өсуі, па-
йыз мөлшерлемелерінің өсуі, тұтыну заттарына деген сұраныстың
артуы сияқты көрсеткіштермен сипатталады; в) өрлеу (шың) фаза-
сы экономикалық өсу қарқынының жоғарылауы, өндіріс көлемінің
айтарлықтай ұлғаюы, инвестициялардың артуы, бағалы қағаздар ба-
ғамдарының өсуі, пайданың, жалақының, бағалардың, пайыз мөлшер-
лемелерінің артуы сияқты көрсеткіштермен сипатталады.
3. Экономикалық цикл үрдісінде əртүрлі орын алатын экономи-
калық көрсеткіштер мəндерінің ауытқып отыруына байланысты, осы
экономикалық көрсеткіштер былай үшке бөлінеді: 1) проциклдік көр-
сеткіштер; 2) контрциклдік көрсеткіштер; 3) ациклдік көрсеткіштер.
4. Экономикалық циклдің факторларын анықтау үшін үш əдіс-
намалық бағыт қалыптасады. Біріншісі, сыртқы (экзогендік) фактор-
лармен байланысты туындайтын экономикалық циклдер. Екіншісі, ішкі
(эндогендік) факторлармен байланысты туындайтын экономикалық
циклдер. Үшіншісі, сыртқы жəне ішкі факторлардың синтезі ретінде
анықталады.
5. Экономиканы тұрақтандыру саясаты – инфляция мен жұмыс-
сыз дық деңгейлерінің циклдік толқуларын қысқартуға жəне экономи -
калық өсу үшін қолайлы экономикалық жағдаятты жасауға бағыттал-
ған, сонымен қатар, өндіріс көлемі мен жұмысбастылықты қалыпты
деңгейінде ұстап тұруға негізделген мемлекеттің экономикалық сая-
сатының кешенді іс-шаралары.