Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет192/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

11.2-сурет
А. Бернс пен У. Митчеллдің іскерлік цикл моделі
11.3-сурет. 
Іскерлік белсенділік циклі


262
Іскерлік циклдерді зерттеуде екі негізгі көзқарас бар: 
детер-
министік
жəне 
стохастикалық
. Олар циклдік толқулардың 
пайда болу себептерін əртүрлі түсіндіреді.
Детерминистік бағыт бойынша, циклдің себептері – болжам-
балы факторлар, өйткені іскерлік белсенділіктің толқулары ма к- 
роэ 
кономикалық динамиканың тұрақты заңдылығына айна-
лады. Макроэкономикалық динамиканың басты көзі ретінде 
ке шігушіліктер
саналады, олар жүйелік сипат ала отырып
эко 
номикалық субъектілердің өзгерген жағдайларға бірқатар 
кеші гіп барып əсер ететінін сипаттайды.
Ал стохастикалық бағыттың негізінде «импульс-таралу» меха-
низмі қарастырылады. Орыс экономисі Евгений Слуцкий мен нор-
вег экономисі Рагнар Фриш бірінші болып экономикалық циклді 
«импульс-таралу» теориясы тұрғысынан зерттеген. 
«Импульс-
таралу» механизмі
– бұл белгілі бір уақыт бірлігіндегі ұлттық та-
быс пен шығарылым көлеміне əсер ететін кездейсоқ сілкіністердің 
жəне серпілістердің қалыптасу үрдістері. Сілкіністер немесе им-
пульстер ұзақтылығы мен амплитудасы əртүрлі болып табылатын 
циклдерді туындатады. 
Сілкіністердің үш түрі
бөліп көрсетіледі:
а) ұсыныс сілкіністері;
ə) сұраныс сілкіністері;
б) саяси сілкіністер.
Ұсыныс сілкіністері
– бұл шикізатқа деген əлемдік ба-
ғалардың ауытқулары, табиғи апаттар, маңызды ғылыми жасам-
паздықтар мен ашылымдар.
Сұраныс сілкіністері
– бұл тұтынушылар мен фирмалардың 
мінез-құлықтары мен экономикалық күтімдерінің өзгерістерінен 
туындайтын тұтынушылық жəне инвестициялық шығындардың 
өзгеруі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет