Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет233/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

309
13-тақырып.
АШЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІК. 
МАНДЕЛЛ-ФЛЕМИНГ ҮЛГІСІ
Мақсаты: 
ашық экономиканың мəнін түсіну, ашық эко-
номикадағы Манделл-Флеминг үлгісін құру жəне толығымен 
қарастыру. Ол үшін дəріс сабағына мынадай сұрақтар шыға-
рылады.
Дəріс жоспары:
1. Ашық экономика: түсінігі, түрлері.
2. Бір мезгілдегі ішкі жəне сыртқы тепе-теңдік.
3. Манделл-Флеминг үлгісі.
Негізгі түсініктер: 
ашық экономика; шағын экономика; үлкен 
экономика; ішкі тепе-теңдік; бір мезгілдегі ішкі жəне сыртқы 
тепе-теңдік; Манделл-Флеминг үлгісі; ішкі пайыз мөлшерлемесі; 
əлемдік пайыз мөлшерлемесі.
Тақырыптың мазмұны. 
Ашық экономика 
– бұл əлем мемлекеттерінің бір-бірімен 
өзара тауарлар мен қызметтерді экспорттайтын жəне импорттай-
тын, əлемдік қаржы нарығында несиелік алып-сату қатынаста-
рын жүзеге асыруға негізделген макроэкономиканың жүйелік 
қатынастары.
Ашық экономика
мынадай екі жағдайға негізделеді:
1) Елдер тауарлар мен қызметтерді экспорттайды жəне им-
порттайды.
2) елдер əлемдік қаржы нарығында несие алады жəне береді.
Ашық экономикада өндірілген өнімді төрт негізгі құ рауыш-
тарға бөлуге болады:
• 
отандық тауарлар мен қызметтерді тұтыну;
• 
отандық тауарлар мен қызметтерге инвестициялық шы-
ғындар;
• 
отандық тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы
• 
елдің ішінде өндірілген тауарлар мен қызметтер экспорты


310
Осылардың жиынтығын теңдеу арқылы көрсетуге болады:
Y = C + I + G + Xn
Ашық экономиканы кіші (шағын) жəне үлкен (ірі) деп бөледі.
Кіші (шағын) ашық экономика
– кішігірім елдің экономи-
касы, оның əлемдік нарығындағы үлесі аз ғана, ол əлемдік пайыз 
мөлшерлемесіне айтарлықтай əсер ете алмайды. Сондықтан пайыз 
мөлшерлемесі сырттан берілген, экзогендік түрде қабылданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет