12. Домар мен Харродтың экономикалық өсу үлгілерінде қандай
факторға басты назар аударылады:
а) мемлекеттік шығындарға
ə) адам капиталы факторына
б) инвестициялық факторға
в) салықтарға
13. Экономикалық өсудің қарқынын графикалық түрде қандай
қисық нақты бейнелей алады?
а) өндірістік мүмкіндіктер қисығы
ə) жалпы шығындар қисығы
б) инвестиция мен жинақтар қисығы
в) сұраныс қисығы
14. Мыналардың қайсысы экономикалық өсудің жағымды
жақтарына жатпайды?
а) адамның табиғатқа белсенді түрде араласуы
ə) əлеуметтік көмектерді арттыру
б) тұтыну стандарттарын арттыру
в) адамдардың мəдени деңгейін арттыру
15. Кез келген елде экономикалық өсуді өлшеудің басты көр-
сеткіші:
а) ұлттық байлық
ə) инвестициялар
308
б) мемлекеттік бюджет
в) жан басына шаққандағы ЖІӨ
16. Экономикалық өсудің «табиғи» қарқынын кім анықтап
ғылыми айналымға енгізді?
а) Р. Солоу
ə) Е. Домар
б) Р. Харрод
в) Э. Фелпс
17. «AD-AS» моделінде экономикалық өсу қалай бейнеленуі
мүм кін:
а) LRAS қисығының оңға жылжуы арқылы
ə) AS қисығының солға жылжуы арқылы
б) AD қисығының солға жылжуы арқылы
в) AD қисығының оңға жылжуы арқылы
18. Экономикалық өсудің тарихи-əлеуметтік теорияларына
қандай концепция жатады?
а) Дж. Мид тұжырымдамасы
ə) Домар моделі
б) Р. Харрод моделі
в) У. Ростоудың концепциясы
19. Экономикалық өсудің сұраныс факторлары қалай сипат-
талады?
а) жиынтық шығындардың деңгейімен
ə) ресурстарды тиімді пайдалану арқылы
б) еңбек ресурстарымен
в) технологиямен
20. «AD-AS» үлгісінде экономикалық өсу қалай байқалады?
а) AS қисығының оңға жылжуы арқылы
ə) AS қисығының солға жылжуы арқылы
б) AD қисығының оңға жылжуы арқылы
в) AD қисығының солға жылжуы арқылы
|