Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет240/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

13.10-сурет
Тіркелген валюта бағамы кезіндегі бюджет-салық саясаты


319
мының көтерілуіне алып келеді (13.10 ə-сурет). Ұлттық валютаның 
тіркелген e
1
деңгейінде ұстап тұру қажеттілігі ОБ-ті валюталық 
интервенциялар (шетел валютасын сатып алу жəне ұлттық 
валютаның сату) жүргізуге итермелейді, ол ақша массасының ар-
туына алып келеді. Ақша массасының артуы LM қисығын оңға 
жылжытады жəне пайыз мөл-шерлемесі төмендейді. Бұл үрдіс 
ішкі пайыз деңгейі əлемдік пайызға тең болғанша дейін жалғаса 
береді.
Сонымен, 
кіші ашық экономикада тіркелген валюта бағамы 
кезінде ынталандырушы бюджет-салық саясатының жүргізілуі 
нəтижесінде табыс деңгейі (Y) жабық экономикаға қарағанда 
үлкен дəрежеде өседі, өйткені табыс деңгейіне мемлекеттік 
шығындардың ықпалы ақша массасының қосымша ұлғаю 
əсерімен толықтырылады.
Ақша-несие саясаты.
Бұл жағдайда тіркелген валюта баға-
мы кезінде кіші ашық экономикаға деген ынталандырушы ақша-
несие саясатының салдарлары қарастырылады. Ақша масса-
сы ның ұлғаюы LM қисығын LM

жағдайына оңға жылжытады 
(13.11-сурет). Пайыз мөлшерлемесі төмендеп, инвестицияға де-
ген сұраныс жоғарылайды жəне де соның салдарынан табыс ар-
тады. Дəл сол уақытта, ішкі пайыздың əлемдік пайыз деңгейіне 
қарағанда төмендеуі (r
1
< r*, 13.11 a-сурет) ел ішінен капиталды 
кетіреді жəне төлем балансының тапшылығы орын алады. 
Капиталдың елден шығуы жəне төлем балансының теріс саль-
досы шетел валютасына сұранысты арттырады, ал ұлттық валюта 
бағамы төмендей бастайды (13.11 ə-сурет). Бұл жерде ОБ валюта 
бағамын тіркелген e
1
деңгейінде ұстап тұруы тиіс, ол үшін ОБ 
валюталық интервенциялар жүргізеді (шетел валютасын сатады 
жəне ұлттық валютаны сатып алады). Нəтижесінде ақша массасы 
қысқарып LM қисығы LM
1
жағдайына қайтадан қайтып келеді. 
Ақша массасы қысқарғаннан кейін пайыз мөлшерлемесі артады 
жəне капиталдың шетелге ағылуы тоқтайды. Сөйтіп белгілі бір 
уақыттан кейін экономика бастапқы жағдайына қайтып келеді. 
Нəтижесінде ынталандырушы ақша-несие саясатының салдары-
нан ақша массасының соншалықты арттырылуы табысқа əсер ете 
алмай қалады. 


320
Сонымен, 
тіркелген валюта бағамы кезінде кіші ашық эко-
номикаға деген ынталандырушы ақша-несие саясатының нə-
тижесі тиімсіз болып қалады
, өйткені ақша массасының өз-
ге 
руі валюта нарығындағы қажетті интервеницялар арқылы 
тұ рақтанып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет