318
осылай бұзылуы нəтижесінде саналы түрде жүргізілетін макроэ-
кономикалық саясаттың көмегімен қалпына келуі тиіс.
Төлем
балансының теріс сальдосы кезінде ОБ ұлттық валютаның құн-
сыздануын болдырмау үшін, валюта нарығында шетел валю-
тасын сатады жəне ұлттық
валютаны сатып ала бастайды, яғни
валюталық интервенциялар жүргізеді. Бұл валюта резервтерінің
жəне ақша базасы көлемінің қысқаруына алып келеді. Алайда
ОБ валюта нарығында интервенциялар жүргізуі үшін
жеткілікті
түрде шетел валютасының резервтеріне ие болуы тиіс. Егер ОБ
валюталық интервенциялар жүргізе отырып ақша ұсынысын
өзгертсе, онда Манделл-Флеминг үлгісінде
бұл LM қисығының
жылжуымен көрініс табады.
Бюджет-салық саясаты.
Бұл жағдайда шағын ашық эконо-
мика үшін ынталандырушы бюджет-салық саясатының салдар-
лары қарастырылады (мысалы, мемлекеттік
шығындарды артты-
ру немесе салықтарды төмендету). Мемлекеттік шығындардың
өсуі жиынтық сұранысты арттырады,
IS қисығы IS
2
жағдайына
оңға жылжиды (13.10 а-сурет). Нəтижесінде табыс өседі жəне
бір уақытта пайыз мөлшерлемесі де r
1
-ге артады. Табыстың
өсуі ақшаға
деген сұранысты арттырады, ал пайыздың жоғары
болуы ел ішіне шетел капиталының ағылуын ынталандыра-
ды, ол болса жалпы алғанда төлем
балансының оң сальдосын
қалыптастырады.
Ел ішіне шетел капиталының ағылуы ұлттық валюта баға-
Достарыңызбен бөлісу: