Тұрақты валюта бағамы жағдайындағы ішкі жəне сырт- қы тепе-теңдік Бастапқыда ашық экономиканың кейнстік үлгісі тағайын-
далған валюта бағамына негізделді. Бұл принцип 1944 жылғы
Бреттон-Вуд жүйесінің негізін құрды жəне ол 1970 жылға дейін
өмір сүрді. Валюта бағамының тұрақтылығы IS-LM-BP үл-
гісіндегі ВР қисығының тұрақтылығын білдіреді. Сондықтан
ішкі жəне сыртқы тепе-теңдік ақша-несие (LM қисығының) жəне
бюджет-салықтық (IS қисығының өзгерісімен) саясаттар өзгерісі
арқылы қалыптасты.
Ашық экономикадағы алғашқы жағдай суретте берілген.
Өндіріс көлемі – Y
1
, пайыз мөлшерлемесі R
1
деңгейінде орна-
ласқан. Экономикада не ішкі, не сыртқы тепе-теңдік байқал-
май
ды. Нақты өндіріс көлемі əлеуетті (Y
2
) деңгейден төмен
(сурет 13.1).
Экономиканың нақты жағдайы IS, ВР қисықтарынан төмен
орналасқан. Бұл біріншіден, тауар нарығында тепе-теңдіктің
жоқ екендігін, екіншіден, төлем балансының тапшылығын біл-
діреді. Тепе-теңдік тек ақша нарығында бар (LМ қисығындағы
Е
1
нүктесі). Толық жұмысбастылық жəне өндіріс көлемі Y
2
бол-
ғандағы үш нарықтағы тепе-теңдікті қалай орнатуға болады?
ВР қисығы тұрақты болғандықтан Е
2
нүктесінде тауар жəне
ақша нарықтарының қисықтары қиылысуы тиіс. Кейнстік тео-
рияға сəйкес мемлекет қандай шаралар жүргізуі тиіс? Ең алдымен
тауар нарығында тепе-теңдік орнату қажет. Ол үшін мемлекеттік
шығындарды көбейту керек. Сонда тауар нарығының қисығы ІS
оңға ІS׳ қисығына жылжиды (13.2-сурет).
Егер пайыз мөлшерлемесі R
1
деңгейінде сақталса, онда Ү
3
өндіріс көлемін өндірер едік. Бірақ онда ақша рыногындағы
тепе-теңдік бұзылады. (Е
3
нүктесі LМ қисығынан төмен жа-
тыр). Валюта рыногында да теңсіздік күшейе түседі, өйткені