324
айырылады. Айналымдағы ақша санын өзгертудегі кез кел-
ген талпыныстар пайыз мөлшерлемесінің деңгейін өзгерте бе-
реді. Ол капитал қозғалыстарын өзгертеді жəне төлем балансы
тепе-теңдігінің бұзылуына алып келеді. Сыртқы тепе-тең
дікті
қал пына келтіру үшін, ОБ ақша массасының шамасын кері ба-
ғытта өзгертуге мəжбүрлі түрде шешім қабылдайды. Егер мем-
лекет тіркелген валюта бағамы тəртібінен бас тартса, онда ақ-
ша-несие саясаты ашық экономикадағы макрореттеудің тиімді
құралына айнала алады. Оның тиімділігі былай түсіндіріледі,
яғни ақша массасының ұлғаюы пайыз деңгейін төмендетеді.
Ұлттық валютаның бағамы төмендеп, қосымша ынталандырушы
тиімділік пайда болады.
Сонымен, мемлекеттің ашық экономикадағы макроэко номи-
калық саясатының тиімділігін арттырудағы мəселелерді шешу
сол саясат құралдарының сəйкес үйлесімділіктерін қажет етеді.
Қандай да бір мемлекет валюта бағамының тəртібін таңдай
отырып, бір уақытта ішкі макроэкономикалық реттеудің құрал-
дарын да анықтап алуы тиіс. Жəне керісінше, ішкі макроэкономи-
калық саясаттың басымды мақсаттарын (экономикалық өсу, ин-
фляциямен күрес, əлеуметтік көмек шараларын күшейту жəне т.б.)
анықтай отырып, қолданыстағы кез келген сыртқы макро
эко-
номикалық саясаттың дəл осы мақсаттардың орындалуына ке-
пілдік бере алмайтынын да ескерген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: