Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет244/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Қорытынды
1. Ашық экономика – əлем мемлекеттерінің бір-бірімен өзара та-
уарлар мен қызметтерді экспорттайтын жəне импорттайтын, əлемдік 
қаржы нарығында несиелік алып-сату қатынастарын жүзеге асыруға 
негізделген макроэкономиканың жүйелік қатынастары. Ашық экономи-
ка мынадай екі жағдайға негізделеді: 1) Елдер тауарлар мен қызметтерді 
экспорттайды жəне импорттайды. 2) елдер əлемдік қаржы нарығында 
несие алады жəне береді.
2. Ашық экономикада өндірілген өнімді төрт негізгі құрауыштар-
ға бөлуге болады: отандық тауарлар мен қызметтерді тұтыну; отандық 
тауарлар мен қызметтерге инвестициялық шығындар; отандық тауар- 


325
лар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы; елдің ішінде өндірілген 
тауарлар мен қызметтер экспорты.
3. Ашық экономиканы кіші (шағын) жəне үлкен (ірі) деп бөледі. 
Кіші (шағын) ашық экономика – кішігірім елдің экономикасы, оның 
əлемдік нарығындағы үлесі аз ғана, ол əлемдік пайыз мөлшерлемесіне 
айтарлықтай əсер ете алмайды. Сондықтан пайыз мөлшерлемесі сырт-
тан берілген, экзогендік түрде қабылданады. Үлкен (ірі) ашық экономи-
ка – оның ауқымына байланысты пайыз мөлшерлемесі елдің ішіндегі 
экономикалық процестер əсерінен қалыптасады. Ірі елдің экономика-
сы (АҚШ, Жапония, Қытай, Германия). Бұл елдер əлемдік қор жинағы 
мен инвестицияның едəуір бөлігіне ие болғандықтан, əлемдік пайыз 
мөлшерлемесіне айтарлықтай əсер ете алады.
4. Ашық экономиканың негізгі белгілері: ЖҰӨ-дегі сыртқы сальдо 
квотасы; өндіріс көлеміндегі экспорт үлесі; тұтынудағы импорт үлесі; 
ішкі инвестицияға қатысты шетелдік инвестицияның үлесі.
5. Манделл-Флеминг үлгісі – тұрақты жəне құбылмалы айырбас 
бағамы жағдайларында жүргізілетін экономикалық саясат нəтижеле- 
рін бағалау мақсатында қолданылатын шағын ашық экономика үлгісі.
Манделл-Флеминг үлгісі бойынша шағын ашық экономика əлемдік 
экономиканың тек аз ғана бөлігін құрайды, сондықтан оның дамуы 
үшін, барлық параметрлер əлемдік рыноктан, яғни сырттан беріледі. 
Ашық экономика үшін Манделл-Флеминг үлгісі ең алғаш рет ХХ 
ғасырдың 60-жылдарында қалыптасты жəне ІS-LМ үлгісінің жетіл-
дірілген нысаны болып табылады. Екі үлгі де қысқа мерзім кезеңін 
жəне бағаның тұрақтылығы мен өндіріс көлемінің (жиынтық табыстың) 
өзгеруін қарастырады. Олардың айырмашылықтары ІS-LМ жабық эко-
номиканы, Манделл-Флеминг ашық шағын экономиканы қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет