Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет252/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

халықаралық еңбек бө-
лінісі
немесе 
мамандандырудың
қажеттілігі туындайды: егер 
қандай да бір ел белгілі бір тауар өндірісінде балама шығында-
ры салыстырмалы төмен болса, онда ол сол тауарды өндіруге 
толығымен маманданғаны дұрыс. Бұл жерде, Португалия мата 
өндірісінен толығымен бас тартып, өзінің барлық адам-сағат 
шығындарын шарап өндірісіне жұмсайды. Англия өз кезегінде
мата өндірісіне толық маманданып шарапты Португалиядан им-
порттайды.
14.2-кесте. 
Халықаралық айырбастың өзара тиімділігі
Ел
Жабық экономика
Ашық экономика
шарап
мата
барлығы
шарап
мата
барлығы
Португалия
80
90
170
160
0
160
Англия
120
100
220
0
200
200
Барлығы
200
190
390
160
200
360
Кестеден көріп отырғанымыздай, екі елдің мамандануы мен 
өзара халықаралық айырбасқа түсуі осы екі елге тиімділік əкеледі. 
Португалия енді екі бірлік шарап өндіреді, ал матаны импорттай-
ды. Ал Англия керісінше, шарапты импорттай отырып, матаның 
екі бірлігін өндіреді. Жалпы алғанда, бұл айырбас қатынастары 
ашық экономика жағдайында өндіріс шығындарын төмендетуге 


335
мүмкіндік жасайды, яғни мамандандыруды іске асырған кейін 
ашық экономикада жұмсалған 360 адам-сағат шығыны бастапқы 
жабық экономикада жұмсалған 390 адам-сағат шығынынан аз бо-
лып отыр.
Рикардоның үлгісі бірқатар болжамдарға сүйенеді:
1) тек екі ел жəне екі тауар ғана қарастырылады;
2) еңбек сияқты фактор тек ел ішінде ғана өте икемді болып 
табылады;
3) еркін сауданың орын алуы, яғни сыртқы саудадағы экс-
порттық немесе импорттық жəне басқа да шектеулердің болмауы;
4) екі тауар өндірісінің балама шығындары тұрақты (график 
түрінде, өндірістік мүмкіндіктер қисығы түзу сызықтық сипатқа 
ие болады);
5) көлік шығындары қарастырылмайды;
6) тауар өндірісіндегі технологияның өзгеріссіздігі;
7) ресурстар бір-бірімен толық айырбастала алады.
Осы болжамдардың ең болмағанда біреуіне тоқталып өткен 
жөн. Мысалы, көлік шығындарының болмауы. Көліктік шы-
ғындар тауарлардың саудалануын анықтайтын аса маңызды 
факторлардың бірі болып табылады. Көлік шығындарын есепке 
алу игіліктердің мынадай екі бөліп көрсетуге мүмкіндік береді – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет