Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Мемлекеттің протекционистік саясаты



Pdf көрінісі
бет260/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Мемлекеттің протекционистік саясаты
– бұл ұлттық эко-
номиканы шетелдік бəсекелестіктен қорғау мақсатында жүргізе-
тін белсенді экономикалық саясаты. Протекционизмді кезінде 
Ф. Лист, Дж. С. Милль, И. Посошков жəне Дж. Кейнс сияқты 
ғалымдар қолдады.
2. Фритредерлік (ағылшынша «freetrade» - еркін сауда) 
саясат
– ішкі рынокқа шетел капиталы мен қызметтерді енгізуді 
қолдайтын мемлекеттің еркін сауда саясаты. Фритредерлік ХVІІІ 
ғасырда Ұлыбританияда пайда болды. Еркін сауданы бірінші бо-
лып жақтаған Н. Барбон болды, кейіннен А. Смит, Д. Рикардо, 
А. Маршалл ашық қолдады.
Еркін сауданы жақтаушылардың аргументтері:
1. Фритредерлік еркін саудаға қатысушы елдердің тұрмыс 
деңгейі мен сапасын көтереді.
2. Фритредерлік бəсекенің дамуына жағдайлар жасап, отан-
дық өндірушілердің жаңа, сапалы тауарлар өндіруге ынтасын 
көтереді.
3. Фритредерлік жаңа рыноктардың дамуына мүмкіндік туды-
рады.
4. Фритредерлік өндірістік ресурстардың елдер арасында оң-
тайлы бөлінуін қамтамасыз етеді.
Протекционистер жəне фритредерліктердің көзқарастарын 
салыстыра келе, мынадай тұжырым жасауға болады: протекцио-
нистер қысқа мерзімді мүдделерді көздейді, фритредерліктер ұзақ 
мерзімді мақсаттарға негізделеді. Алайда нақты елге протекцио-
низм тиімді, ал фритредерлік зиян деп немесе, керісінше айтуға 
болмайды. Итальян экономисі В. Парето айтқандай: «Қандай да 
бір елдің белгілі бір уақыт мерзімінде өзінің экономикалық жəне 
əлеуметтік жағдайын біле отырып, ол елге сол уақытта қандай 
саясаттың қажет екенін анықтап алуы қажет – протекционистік 
пе, əлде еркін сауда ма?».
Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты
– бұл экспорт пен им-
портты салықтар, субсидиялар жəне əртүрлі шектеулер арқылы 
сыртқы сауданы мемлекеттік реттеуді талап ететін үкіметтің 
бюджет-салық саясатының жеке бір бағыты. 


347
Сыртқы сауда саясаты тарифтік немесе тарифтік емес құ-
ралдар арқылы жүзеге асады. Сыртқы сауданы шектеудің кең 
тараған əдісі болып тарифтер немесе кедендік баж салығы табы-
лады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет