Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


a+b+c+d+e фигураларының ауданын құрайтын  таза зияндар көреді. Осы тауарды тұтынушылар, керісінше, баға  төмендегендіктен,  a+b



Pdf көрінісі
бет263/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

a+b+c+d+e
фигураларының ауданын құрайтын 
таза зияндар көреді. Осы тауарды тұтынушылар, керісінше, баға 
төмендегендіктен, 
a+b
фигураларының ауданын құрайтын таза 
ұтысқа ие болады. Ал экспортқа салық салу есебінен мемлекет 
те 
d
фигурасының ауданына тең көлемде ұтыс көреді. Бұл жерде, 
c+e
фигурасының ауданы қоғам үшін таза ұтылысты көрсетеді.
Сонымен, егер импорттық тариф тұтынушыларға зиян əкелсе, 
онда экспорттық тариф өндірушілерді шығынға ұшыратады, тек 
мемлекет қана екі жағдайда ұтады.
Отандық өндірушілерді қорғау үшін протекционистік саясат-
та кедендік тарифтермен қатар, баламалы əдіс – экспорттық суб-
сидиялар қолданылады. 
Экспорттық субсидиялар
– үкіметтің экспорттық тауар 
өндірушілерге көрсететін қаржылық көмектері. Экспорттық суб-
сидиялар бірнеше нысанда болады: 
- экспортер-фирмаларға төмен пайызбен займдар беру;
- шетелдерде экспорттық өнімдерді өткізу үшін үкіметпен 
шығындар бөлу;
14.5-сурет.
Экспорттық тарифті енгізудің салдары


350
- экспортталатын өнім көлемін көбейту үшін салық жеңіл-
діктерін беру.
Экспорттық субсидиялар экономиканың экспорттық салала-
рының дамуына жағдайлар жасайды жəне ұлттық өндірушілерге 
əлемдік рынокта бəсекелік артықшылық тудырады.
ХХ ғасырдың отызыншы жылдары халықаралық саудада жаңа 
кедергілер – тарифтік емес шектеулер пайда болды. Тарифтік емес 
шектеулерге мыналар жатады: а) сапа стандарты; ə) санитарлық 
шектеулер; б) құрал-жабдықтардың экологиялық талаптарға сəй-
кестігі; в) импортқа лицензия беруге шектеулер қою; г) нақты ел-
дерде кейбір тауарлар түрін сатуға əкімшілік тиым салу.
Ең кең тараған тарифтік емес шектеулердің бірі – импорт пен 
экспортқа квота енгізу. 
Импорттық квота
– импорттық тауарлардың көлемін сандық 
шектеу. Импорттық квотаның екі түрі ажыратады: а) абсолюттік 
квота – берілген елге əкелуге рұқсат етілген тауарлар көлемі; 
ə) тарифтік квота – төмен ставка бойынша белгілі уақыт ара-
лығында нақты тауар əкелуге рұқсат беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет