Экспорттық квота
– экспорттық тауарлар көлемін сан жа-
ғынан шектейтін əдіс. Экспорттық квота ел экономикасы үшін
экспорттың алатын рөлін көрсету үшін қолданылады. Мысалы,
соңғы ХХ ғасырдың он жылдығында ЖІӨ-гі экспорт үлесі АҚШ
пен Жапонияда 10%-ды, Англия мен Францияда - 24%-ды, Герма-
нияда - 34%, Бельгияда - 70%-ды құрады.
Тарифтік емес шектеулерге сондай-ақ, демпинг пен сауда эм-
баргосы жатады.
Демпинг
– экспортер-өндірушілердің сыртқы рынок-
та тауарларын ішкі бағадан төмен бағамен сатуы. Демпингтің
тұрақты жəне уақытша түрлері болады. Тұрақты демпинг-фир-
малардың сыртқы рынокта монополиялық пайда табуы үшін
ұзақ бойы тауарларын əлемдік рынокта төмен бағамен сату.
Уақытша демпинг – тауарларды сыртқы рынокта өзіндік құны-
нан төмен бағамен сату. Демпингтің бұл түрі бəсекелесін ры-
ноктан ығыстырып, монополиялық билік орнату үшін уақытша
қолданылады.
Сауда эмбаргосы
– қандай да бір елдің басқа бір елге та-
351
уарлардың белгілі бір түрлерін экспорттауға немесе сол тауарлар-
ды импорттауға тиым салуы. Мұндай шектеулер экономикалық
мүдделерді көздемейді, тек саяси себептерге байланысты жүзеге
асырылады.
Халықаралық саудада экономикалық қатынастарды реттеу
үшін халықаралық ұйымдар құрылды. Олардың қатарына ГАТТ,
ЕАСТ, ЮНКТАД т.б. жатады.
ГАТТ – тарифтер мен сауда туралы басты келісім. Оған қа-
тысушылардың сауда қатынастары қабылданған нормалар мен
ережелер негізінде айқындалады. ГАТТ 1948 жылдан бастап
əрекет етеді. Бұл ірі халықаралық ұйымның шеңберінде сыртқы
саудаға қатысты барлық проблемаларды талқылау үшін мүше ел-
дер арасында келіссөздер, консультациялар, кездесулер өткізіле-
ді. ГАТТ-тың толық құқылы мүшелерінің саны 1990 жылы 96-
ға жетті. Ал 1995 жылы бұл ұйым Дүниежүзілік Сауда Ұйымы
(ДСҰ) болып қайта құрылып, бүгінгі күні оған мүше елдердің
саны 153-ке жетті. Ал Қазақстан сол жылдан бастап бақылаушы
ел ретінде осы ұйымға мүше болудың барлық жолдарын қарасты-
рып жатыр.
ЕАСТ – Еуропалық еркін сауда ассоциациясы 1960 жылдан
бастап жұмыс істейді. Бұл ассоциацияға 6 Батыс Еуропалық ел-
дер кіреді. ЕАСТ-тың негізгі мақсаты өзара еркін сауда жағдайын
қалыптастыру.
ЮНКТАД – БҰҰ-ның сауда жəне даму конференциясы. Бұған
170-ке жуық мемлекет, сондай-ақ көптеген халықаралық эко-
номикалық қатынастардың дамуына жəне реттелуіне қолдау жа-
сайды.
2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап ТМД аумағында Қазақ-
с
танның бастамасымен Кедендік Одақ жұмыс істеп келеді.
Ұйым
ның белсенді мүшелері болып Ресей, Қазақстан жəне
Беларусь табылады. Соңғы уақытта, Қырғызстан да мүшелік
танытуға мүдделі болып отыр. Кедендік Одақты құру арқылы
біртұтас кедендік кеңістікті қалыптастыру Қазақстан үшін ішкі
нарықты 170 млн. тұтынушыға дейін кеңейтіп, ортақ ЖІӨ-
нің жалпы деңгейін 1,6 трлн.долларға арттыруға мүмкіндік
береді.
|