Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет257/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Хекшер-Олин теорема-
сы
– бұл егер халықаралық сауданың кез келген қатысушысы өз 
əріптестеріне қарағанда, қандай да бір фактордың үлкен көле -
міне ие бола отырып сол факторды тауарлар өндірісінде интен-
сивті түрде қолдана алса, онда ол сол тауарларды экспорттауға 
тырысады дегенді сипаттайтын теориялық дəлелдеме. 
Хекшер-Олин үлгісі бірнеше рет тəжірибеде тексеріліп бір-
қатар өзгерістерге ұшырады. Американ экономисі (тегі орыс), 
Нобель сыйлығының лауреаты Василий Леонтьев 1954 жылы 


341
өзінің мақаласында: «1947 жылы капитал артықшылығына ие 
АҚШ елі еңбекті көп қажет ететін тауарларды шетке шығарды» 
деп жазды. Бұл əрине Хекшер-Олин теориясына қайшы келді. 
Аталмыш сəйкессіздік «Леонтьев оғаштығы» (парадоксы) деген 
атқа ие болды. Оның анықтамасы былай сипатталады. 
Леонтьев оғаштығы
– бұл АҚШ елі капитал артықшылы-
ғына ие бола отырып, капитал интенсивтілігімен өндірілген 
тауарларды экспорттаудың орнына оны импорттап, ал еңбекті 
көп қажет ететін тауарларды, осы фактордың сол елде тап-
шы болуына қарамастан, экспорттауы орын алған тəжірибелік 
қайшылық. Тəжірибе жүзінде, АҚШ-та 1940-жылдары капитал 
факторы артық жəне еңбек факторы тапшы болғанымен Хекшер-
Олин теориясын жоққа шығаратындай осындай ерекше құбылыс 
орын алған. Сонымен, бұл парадокс қалайша туындады?
Шын мəнінде, капитал мен еңбек өндірістің аса іріленген 
факторлары ретінде қарастырылады. Леонтьевтің көңіл ау-
даруы бойынша, өндірісте арнайы мамандандырылған ерек-
ше факторларды бөліп көрсету керек. Ондай фактор ретінде 
өзіне менеджменттің жетістіктерін жəне «адам капиталының» 
шығындарын сіңірген ерекше факторлар болуы мүмкін. Де-
мек, өндіріс факторларын ірілендірудің жаңа бағытын осылай 
сипаттауда, АҚШ өндірісте біліктілігі аса жоғары жұмыс күші 
көптеп қолданылатын ғылыми сиымдылықты (наукоемкие) 
тауарларды экспорттаған. Олай болса, АҚШ шындығында да, 
сол уақытта, еңбек факторының артықшылығына ие мемлекет 
ретінде саналған, яғни ол басқа елдерге қарағанда біліктілігі 
жоғары американдық жұмыскерлермен салыстырмалы түрде 
көп қамтылған. Сондықтанда, Леонтьев 1970-жылдары пара-
докстың мəнін өзі осылай шешіп Хекшер-Олин теоремасы тə-
жірибе жүзінде толыққанды орындалады деген қорытындыға 
келеді. 
Леонтьев оғаштығы теориясына сəйкес 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет