338
Бұл жерде, ең төменгі салыстырмалы баға 1 т. бидай = 1 т. мақта
арақатынасына тең болады.
Сонымен, əлемдік нарықта осындай тауарлар үшін бағалар
қалай қалыптасады? Бұл халықаралық сауда жағдайында бидай
мен мақтаға сұраныс пен ұсынысқа байланысты болып табыла-
ды. Мəселен, əлемдік баға 1 т. бидай = 1,5 т. мақта арақатынасы-
мен анықталады делік. Яғни, Қазақстан əлемдік нарықта 1 тон-
на бидай ұсына отырып, 1,5 тонна мақта сатып ала алады. Бұл
арақатынас Өзбекстан үшін де пайдалы, себебі ол 1 тонна бидай
үшін мақтаның тек 1,5 тоннасын ғана береді (жабық экономика
жағдайында 2 тонна мақтаның орнына). Енді екі ел халықара-
лық айырбас пен мамандандырудың нəтижесінде тұтынудың
жаңа деңгейіне өтсе, халықаралық саудадан тиімділік көреді
(14.2-сурет).
14.2-сурет.
Сауда мүмкіндіктерінің сызығы: а – Қазақстан; ə – Өзбекстан
14.2-суретте сол елдердің өндірістік мүмкіндіктер қисығы
(ӨМҚ) берілген. Бірақ əр елдің
Достарыңызбен бөлісу: