340
лар (мысалы, сигарлар,
киім-кешек, қол жұмысымен жасалған
кілемдер);
−
капиталды көп қажет ететін (капитал сиымдылығын) тауар-
лар (автомобильдер, ұшақтар, кемелер);
−
жерді көп қажет ететін тауарлар (дəнді-дақылдар, ағаш
өнімдері).
Сонымен, біз қазіргі уақытта,
еңбек артықшылығы бар елдер,
капитал артықшылығы бар елдер жəне жер артықшылығы бар ел-
дер туралы айта аламыз. Мəселен, АҚШ пен Жапония капитал
факторының үлкен дəрежесіне, Ресей мен Бразилия жер (орман)
факторының бай қорына ие болса, ал Қытай мен Үндістанда
еңбек
факторы жəне жұмыс күшінің аса үлкен армиясы шоғырланған.
Егер елдер əртүрлі өндіріс факторларымен əркелкі қамтыл-
ған болса, онда сол факторлардың бағалары да салыстырма-
лы түрде əртүрлі деңгейде болады. Мысалы, А мемлекетінде
еңбек
факторы көп болса, онда сол фактордың бағасы – жалақы
мөлшері салыстырмалы төмен болады. Ал В мемлекетінде
капи
талдың көп бөлігі шоғырланса,
онда капиталдың бағасы
– пайыз мөлшерлемесі де салыстырмалы төмен болады. Елдер
өндіріс шығындарының құрамында салыстырмалы арзан фактор
көптеп қолданылатын жəне салыстырмалы қымбат фактор аздап
қолданылатын салаларға маманданады.
Осыған орай, елдердің
өндіріс факторларымен əркелкі қамтылуынан салыстырмалы
артықшылықтар туындайды, ал сыртқы сауданың бағыты əртүрлі
елдердің өндіріс факторымен қаншалықты
қамтылғандығына сай
жүріп отырады.
Хекшер-Олин теориясына сəйкес, халықаралық айырбастың
мынандай дəлелдемесі сипатталады, яғни артылған факторлар-
ды тапшы факторларға айырбастау.
Достарыңызбен бөлісу: