17
да, жұмысқа жарамды халықтың бəрінің
қажетті жұмыс орнына
деген қажеттіліктерін қанағаттандыру – бұл қол жеткізілуі қиын
күрделі міндет.
Макроэкономиканың үшінші мақсаты – еркін нарықтар
жағдайындағы бағалардың тұрақтылығы. Бағалардың жалпы
дең гейін тұтынушылық бағалар
индексі арқылы өлшеуге болады,
ол тауарлар мен қызметтер «қоржынының» шектелген жиынын
алуға кететін шығындарды есептейді.
Төртінші мақсат – ашық экономикаға қатысты жəне төлем
балансының нөлдік сальдосы кезінде толық жұмысбастылық
деңгейінде жалпы экономикалық тепе-теңдікке жету.
Осындай негізгі макроэкономикалық
мақсаттардың арақа ты-
насы макроэкономикалық саясаттың негізгі міндетін сипаттай-
тын басты макроэкономикалық мақсатты анықтайды, ол екі ны-
санда көрініс табады:
1) аралық макроэкономикалық мақсаттар;
2) тактикалық макроэкономикалық мақсаттар.
Біріншісі негізгі макроэкономикалық міндеттердің маңыз-
ды лығын реттейді, ал екіншісі ұлттық экономиканың өзгеріп
оты ратын экономикалық жағдаятқа
қарай қайта жасақталып оты-
руын жүзеге асырады.
Макроэкономика жалпы алғанда ұлттық шаруашылықтың
əрекет ету заңдылықтарын зерттейтін ғылым ретінде ең алды-
мен, макроэкономикалық саясатты қалыптастырудың теориялық
негізі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: