14
макроэкономикалық субъектілерге (үй
шаруашылығы, фирма,
мемлекет жəне сыртқы орта) таралады жəне мынадай негізгі
макроэкономикалық нарықтарды бөліп көрсетуге мүмкіндік
береді:
1. Игіліктер немесе тауарлар мен қызметтер нарығы (нақты
нарық).
2. Ақша нарығы жəне бағалы қағаздар нарығы.
3. Еңбек нарығы жəне капитал нарығы.
4. Валюталық нарық.
Макроэкономикадағы екінші ерекше əдіске экономикалық
үлгілеу жатады.
Үлгілеу
дегеніміз – əртүрлі экономикалық құбылыстар мен
үрдістерді, олардың арасындағы
функционалдық өзара байла-
ныстарды логикалық түсініктермен, графиктермен, алгебралық
сипаттамалармен қарапайым түрде түсіндіру. Макроэкономика-
лық үлгілер əртүрлі өлшемдеріне байланысты былай жіктеледі:
- жалпылау дəрежесі бойынша: абстрактілі-теоретикалық
жəне
нақтылы-экономикалық;
- құрылымдық дəрежесі бойынша: шағын көлемді жəне үлкен
көлемді;
- элементтердің өзара байланыстылығы сипатына қарай:
сызықтық жəне сызықтық емес;
- қамту деңгейіне немесе ауқымына қарай: жабық жəне ашық:
жабық – оқшауланған ұлттық экономиканы зерттеу үшін, ашық –
халықаралық экономикалық байланыстарды зерттеу үшін;
- уақыт факторын есепке алу бойынша: статикалық – уақыт
факторы есепке алынбайды, динамикалық –
уақыт фактор ретінде
қаралады.
Макроэкономикада əртүрлі
үлгілер
қолданылады: ұлттық
экономикадағы шеңберлі айналым үлгісі, AD-AS үлгісі, Кейнс
кресі үлгісі, IS-LM үлгісі, Солоу үлгісі, Домар үлгісі, Харрод үлгісі,
Самуэльсон-Хикс үлгісі, Манделл-Флеминг үлгісі жəне т.б. Осы
үлгілердің барлығы жалпы құралдар ретінде қолданылып, ұлттық
ерекшеліктерге ие бола алмайды. Кез келген үлгі нақты елдің
экономикасына «қолайлы» немесе «қолайсыздық» белгісіне бай-
ланысты емес, оның көрсеткіштерінің экономикалық үдерістер
15
динамикасын зерттеудегі пайдалылық белгісіне байланысты ба-
ғалануы тиіс.
Əрбір макроэкономикалық үлгіде ең маңыздысы –
фактор-
ларды таңдау, олар уақыттың нақты мерзімінде нақты мəселені
макроэкономикалық тұрғыдан талдау үшін аса қажетті. Əрбір
үлгіде айнымалылардың екі типі ажыратылады:
Достарыңызбен бөлісу: