Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет4/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Рагнар Фриш
(1895-1973) (яғни, осы ұғымның алғашқы авторы) қолданды. Бұл 
ғалым өз еңбектерінде бірінші болып микро- жəне макро- тал-
дауларды бөліп қарастырды. Келесі бір ғалым, Нобель сыйлығы-
ның иегері, голланд экономисі 
Ян Тинберген
(1903-1994) өз елі 
үшін алғашқы макроэкономикалық саясат үлгісін ұсынды. Ал 
макроэкономикалық талдау ғылыми айналымға Кейнстің басты 
еңбегі жарық көргеннен кейін нақты енгізіліп қолданыла баста-
ды. Бірақ, жоғарыда атап өткеніміздей, макроэкономикалық тал-
дау сұрақтары бірқатар ғасырлар бұрыннан-ақ маңызды түрде 
қарастырыла бастаған-ды. Француз экономисі-физиократ Фран-
суа Кенэ өзінің «Экономикалық кесте» (1758 ж.) деген еңбегінде 
алғаш рет экономикалық ғылым саласында қоғамдық өнімнің 


10
натуралдық жəне құндық элементтері арасындағы баланстық 
пропорцияларды анықтау тұрғысынан қоғамдық ұдайы өндіріс-
ті талдауға талпыныс жасаған. Макроэкономикалық талдаудың 
маңызды жақтары ағылшын экономисі Давид Юмның төлем 
балансын зерттеу еңбектерінде де кездеседі. Қоғамдық ұдайы 
өндірісті макроэкономикалық тұрғыдан талдауды Карл Маркс 
те өзінің үлгісінде қолданды, ол «Капитал» еңбегінің 2-томында 
(1885 ж.) жиынтық қоғамдық өнімнің натуралдық-заттық жəне 
құндық құрылымдар арасындағы сəйкестіліктер мен байланы-
старды зерттеді. 
Ал қазіргі уақытта, макроэкономика ғылымының дамуына 
елеулі үлесті посткейнстік мектептің өкілдері (Дж. В. Робинсон, 
Н. Калдор, П. Страфф), шведтік, чикаголық мектептің ғалым-
дары, жаңа классикалық макроэкономикалық бағыттың өкілдері 
(Р. Лукас, Р. Барро, Т. Сарджент, П. Ромер) жəне де «жаңа 
кейнсшілдер» мектебі (Дж. Акерлоф, О. Бланшар, Н. Г. Мэн-
кью, Д. Ромер, Д. Уэйл) қосып келеді. Тіпті осындай алу-
ан түрлі мектептердің бар болуына байланысты əрі олардың 
макроэкономикалық ой-пікірлері мен көзқарастарының бірдей 
еместігіне қарамастан, бүгінгі күнге дейін əлемдік макроэко-
номикалық ғылымға англо 
саксондық бағыт үстемдік жүргізіп 
келеді деген ой айтылады, дегенмен соңғы онжылдықтарда 
Алманияның, Францияның, Италияның, Нидерландының, Жа-
пония ның, Қытайдың, Ресейдің жəне басқа да бірқатар елдер-
дің ғалымдарының ұстанымдары, көзқарастары мен бедел 
дері 
кеңейіп, осы ғылымға өз үлестерін қосып келеді.
Сонымен, макроэкономика – экономикалық теория ғылымы-
ның негізгі бөлімі ретінде адамдардың шексіз қажеттіліктері мен 
шектеулі экономикалық ресурстар сияқты іргелі мəселелерді 
ұлттық экономика деңгейінде зерттейтін ғылым саласы. Макроэ-
кономика экономиканы біртұтас жүйе ретінде қарастырады.
Макроэкономика салыстырмалы түрде жас əрі келешегі бар 
ғылым болып табылады. Дегенмен экономикалық теорияның 
бұл бөлімінде көптеген бəсекелес мектептер мен бағыттардың 
пікірлері орын алатындығын мойындай келе, микроэкономикаға 
қарағанда, макроэкономиканы зерттеу əлдеқайда қиын əрі күр-
делі екендігін айтқанымыз жөн. Көптеген ғылыми əдебиеттерде 


11
бұл ғылымға əртүрлі анықтамалар беріледі. Сондықтан макроэ-
кономикаға жоғарыда аталған анықтаманы толықтыра отырып, 
тағы да мынадай анықтамалар бере аламыз.
Макроэкономика
– бұл тұрақты экономикалық өсу жағдайын, 
ресурстардың толық қамтылуын, инфляцияның төменгі деңгейін 
жəне төлем балансының тепе-теңдігін қамтамасыз ету тұрғысы-
нан экономиканың қызмет етуін біртұтас жүйе ретінде зерттей-
тін экономикалық ғылымның аса маңызды бір саласы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет