Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Өзіндік жазба жұмыстары (конспект)



Pdf көрінісі
бет14/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

4. Өзіндік жазба жұмыстары (конспект):
- Макроэкономикалық үлгілер жəне оларды құрудағы функ 
цио-
налдық байланыстар
- Макроэкономикадағы уақыт факторы жəне күтімдер теориясы;
- Негізгі макроэкономикалық мектептердің постулаттары.
5. Мына тұжырымдамалардың қайсысы дұрыс:
1) Ex ante макроэкономикалық талдау елдің макроэкономикалық 
жағдайын өткен кезеңдерде анықтайды.


23
2) Макроэкономикалық агрегаттау тек макроэкономикалық субъек-
тілерге таралады.
3) Кəсіпкерлік сектор отандық жəне шетелдік фирмалардың жиын-
тығынан құралады.
4) Еңбек нарығы макродеңгейдегі агрегатталған нарықтардың бірі 
болып табылады.
5) Экономиканың жабық үлгісі сыртқы орта секторын есепке алады.
6) Экзогенді айнымалылар бастапқы ақпараттан құралады.
7) Қор айнымалылары экономикалық зерттеу объектісінің жағда-
йын уақыттың белгілі бір мезетінде қарастырады.
8) Инвестициялар қор болып табылады.
9) Макроэкономика ғаламдық экономикалық мəселелерді зерттеу-
мен айналыспайды.
10) Макроэкономикалық талдаудың ерекшелігіне шекті талдау əдісі 
жатады.
6. Тест сұрақтарына жауап беру қажет:
1. Əртүрлі экономикалық құбылыстар мен үрдіс арасында 
пайда болатын функционалдық байланыстарды айқындау мақса-
тында құрылған жүйелік сипаттама:
а) микроэкономикалық үлгі
ə) макроэкономикалық үлгі 
б) макроэкономикалық жүйе
в) макроэкономикалық саясат
2. Қазіргі макроэкономика ғылымының негізін қалаушы кім:
а) Д. Кейнс
ə) К. Макконел мен С. Брю
б) П. Самуэльсон
в) У. Нордхауз
3. Макроэкономика – бұл:
а) экономиканың даму заңдылықтарын адам, отбасы жəне кəсіп-
орын деңгейінде зерттейтін экономикалық теорияның бір бөлімі 
ə) ресурстар мен өндіріс факторларының шектеулі болу жағда-
йында адамдардың іс-əрекетін зерттейтін ғылым 
б) экономиканы біртұтас жүйе ретінде зерттейтін ғылым 
в) экономикалық ойдың даму кезеңдерін зерттейтін ғылым


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет